Бір редакциядағы қазақ және орыс тіліндегі контенттер сәйкес келмейді: вице-министр не деп жауап берді

Сенатор Бибігүл Жексенбай осындай сауал қойды.

Malim Админ

  • 06.06.2024

Бүгінгі Сенат отырысында депутат Бибігүл Жексенбай еліміздегі қазақ және орыс тілді БАҚ арасындағы алшақтық туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды Malim.kz.

El.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, ол бір редакциядағы қазақ және орыс тіліндегі бөлім контенттері сәйкес келмейтінін айтты.

Редакцияларда қазақ және орыс тілді журналистердің ынтымақтастығы аз. Еліміздің екі негізгі тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдары өзара бір-бірімен әрекеттеспейді. Қазақ тілінде шығатын БАҚ орыс тілді басылымдар жазып жатқан проблемаларды қозғамайды немесе керісінше, - деп атап өтті сенатор.

Бибігүл Жексенбайдың сөзінше, жоғарыда аталған мәселе халықтың толыққанды ақпарат алуына кері әсерін береді. Қазақ және орыс тілді БАҚ-тардың тақырыптық басымдықтарын қамтуда да диссонанс байқалады.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Жұмабайұлы Сенат депутаты көтерген мәселенің орынды екенін айтып, оны шешу жолында қандай шара қолданатындарын жеткізді.

Бізде тәуелсіз бұқаралық ақпарат өкілдеріне ортақ тақырыптарды жазсын деп айтуға мүмкіндік жоқ. Өйткені оған Конституция бойынша тыйым салынған. Бұл мәселені басқа тәсілмен шешуді пысықтап жатырмыз. Мемлекеттік тапсырыстар аясындағы тақырыптар тізбесін белгілеген кезде, оны барлық тілдегі контент өндірушілерге көрсетуді ұсынамыз. Яғни, тиісті нормативтік құқықтарды әзірлеген кезде әрбір тақырыпты міндетті түрде екі немесе үш тілде халыққа жеткізуді талап етеміз, - деді вице-министр.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

«Америка дауысы» Трампты қолдайтын БАҚ-тың хабарларын тарата бастайды

09.05.2025

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

08.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

Азаттық радиосын қолдауға арналған донат парақшасы іске қосылды

02.05.2025

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

02.04.2025
MalimBlocks