Біртанов пен Әбішевке қатысты тергеу амалдары аяқталды

Malim Админ

  • 08.07.2021

Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды.  

«Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды. Біртанов пен Әбішев істен шыққан денсаулық сақтау платформасын қабылдап, пайдалануға беру арқылы қызметін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Қазіргі уақытта медициналық мекемелер платформаны пайдаланып жатқан жоқ. Бұған жинақталған дәлелдер бар. Жүзеге аспаған жұмыс құны 4,1 миллион доллар немесе 1,5 миллиард теңгені құрайды», - делінген қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәлімдемеде.

Бұдан бөлек, мәлімдемеде Елжан Біртановтың қызметтік ұшақты жеке мақсаттарына пайдаланғаны жөнінде айтылған.

«Біртанов 2020 жылдың маусым айында санитарлық авиация ұшағын жеке мақсатына пайдаланды деген күдікке ілінген», - делінген мәлімдемеде.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазір үй қамақта отыр. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейді. Бұған дейін оның адвокаты Дмитрий Куряченко «тергеу органдарының жұмысы істі обьективті қарау емес, Біртановты қудалауға бағытталып отыр», -деп мәлімдеген.

Елжан Біртанов 2017-2020 жылдар аралығында денсаулық сақтау министрі болып қызмет атқарған. Ол былтыр коронавирус өршіп, ауруханаларда орын жетпей қалған тұста отставкаға кеткен. Оның орынан қазіргі денмин Алексей Цой келген.

Елжан Біртановтың орынбасары болған Олжас Әбішев 2020 жылдың тамыз айында ұсталған. Оған ақпараттық жүйелерді құруға бөлінген 500 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылған.

 

Байланысты жаналықтар

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

27.09.2022

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021

Алексей Цой қызметінен босатылды 

20.12.2021

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

14.12.2021

Цой азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты

08.12.2021

Біртановтың үйқамақ мерзімі келесі жылға дейін ұзартылды

12.11.2021
MalimBlocks
Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

Алексей Цой қызметінен босатылды 

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

Цой азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты

Біртановтың үйқамақ мерзімі келесі жылға дейін ұзартылды

Экс-министр бір жылдан астам уақыт үйқамақта отыр.