Бұл дүрбелеңнен шығуға 10 миллиард доллар кетеді...

Malim Админ

  • 23.03.2020

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Ақорда сайтына жарияланған баяндамасына қарағанда жиында  коронавирусқа қарсы күрес жұмыстарын күшейту, төтенше жағдайдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру, ұлттық экономиканы қолдау, жаңа жағдайда шешім қабылдаудың жаңа үлгісі мәселелері талқыланған.

Тоқаев  Нұр-Сұлтан мен Алматының карантинге жабылғанын дер кезінде қолға алынған шара деп бағалайды. Сондай-ақ, төтенше жағдайда қалымыстың арту мүмкіндігін айтып, оның алдын алу, халықтың қауіпсіздігін сақтауға тиісті құзырлы орындарға нақты тапсырмалар жүктеген.

 ­- Алматыдағы карантиннен жастар аймаққа кетті. БАҚ-тағы мәлімет бойынша,  19 және 20 наурызда Алматыдан 102 мыңнан астам адам,  15 мың көлік шығып кеткен. Бұлар студенттер, базар, қызмет көрсету, сауда саласындағы жұмысшылар. Жұмыссыз жастарды «Жол картасы» бойынша, аймақтарда көктемгі егіс, құрылыс және де басқа жұмыстарға ақы төлеп тарту керек,­ - депті бір сөзінде мемлекет басшысы.

Пандемия дүрбелеңінде  ұлтаралық қатынас күн тәртібінен сырғып түсіп қалғанын және бұл тыныштық алдамшы екенін назарға алған президент  көктемгі егіс науқанында болуы мүмкін жерге, суға талас дауларына қатысты деректі дереу жеткіуге құзырлы орындарға жүктепті.

Күн демей, түн демей демалыссыз қызмет атқарып жүрген дәрігер, полиция және басқа саланың қызметкерлеріне алғысын білдірген мемлекет басшысы оларға бір айлық жалақы көлемінде сыйақы беруге тапсырма жүктепті.  

Тұрғындардың әл-аухатын ұстап тұру үшін күрделі қадамдарға баруға тура келгенін атап өткен Тоқаев карантин кезінде несиені шегеру, қарыз өстемін есептемеу, салықтан босату сияқты қадамдарға барғанын баяндапты.

Президенттің айтуынша, карантиннен Алматының өзінде 500 мыңдай адам қаржысыз қиналып қалған.

-Сондықтан, төтенше жағдай кезінде  осы жағдайға байланысты қаржысыз қалып, қиындық көріп отырған жандарға  1 АЕК  (42 500 тенге) көлемінде жәрдемақы тағайындаймын. Жалпылама алғанда мұндай көмекті еліміз бойынша, 1,5 миллионнан астам тұрғын алады,-депті мемлекет басшысы.

Бұл кризис мемлекеттік аппарат пен отандық бизнеске сынақ және одан сабақ алу керектігін айтқан Тоқаев кризиске қарсы салық жеңілдігі мен жергілікті жердегі қолдау шығындарын есептемегенде  4,4 трлн.теңге немесе 10 млрд.долларов жұмсаларын мәлімдеген.

 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

10.09.2024

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

05.09.2024

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы

03.09.2024

Еліміздің әуежайларында маймыл шешегіне қарсы жаттығулар өтті

21.08.2024

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға 236,2 млрд теңге жәрдемақы берілді

17.07.2024

8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

28.06.2024
MalimBlocks
Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

Ауруханаға жалпы 16 адам жатқызылды

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

Бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері белгілі болды

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы

Еліміздің әуежайларында маймыл шешегіне қарсы жаттығулар өтті

Оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі маймыл шешегі ауруы тартылды

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға 236,2 млрд теңге жәрдемақы берілді

Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің мәліметінше, елімізде орта есеппен 594,8 мың отбасы бар.

8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс.