Дұрыс таңдау адастырмайды
Қостанай қаласында «Nur Otan» партиясының мүшесі, қалалық мәслихатқа кандидат Қабдулинова Анара Әлібайқызы «Есіктен есікке» акциясы аясында Л.Беда және Наримановская көшелерінің тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Әңгіме барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды, алдағы міндеттер, басымдықтар мен жетістіктер түсіндірілді. Қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін «Nur Otan»партиясы халықты сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелерін шешепек. Кандидат Анара Қабдулинованың айтуынша, осыы мақсаттарға жету үшін «Nur Otan» партиясы 2021-2022 жылдары 3 саябақ аймағын абаттандырмақ. Нақты айтқанда қалалық жағажай ауданы және Притобольск саябағының солтүстік бөлігін абаттандырмақ. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдары 190 ойын алаңдары мен шағын футбол алаңдарын орнатумен 220 кварталішілік аулаларды жаңарту және абаттандырмақ. Тұрғындар партияның бұл бастамасын қолдап отыр. Қала азаматтарының айтуынша, «Nur Otan» партиясының Қостанай қалалық бағдарламасында қандай жұмыстар атқарылатыны нақты жазылған. Мерзімдері айқын көрсетілген. Сосын, қала азаматтарының бұған дейін айтып келген өтініш, талап, тілектерін жинақтап, көпшілік көңілінен шығатын бағдарлама жазған. Енді осы бағдарлама нақты жүзеге асу үшін қостанайлықтар «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетпек. Сайлаушылардан осындай лебіз естіген Анара Қабдулинова «Nur Otan» партиясы Қазақстанның әрбір азаматының әл-ауқаты мен халықтың бірлігі үшін жұмыс істейді деді. Және ел азаматтары қоғамдық, саяси өмірде әрдайм белсенді болып, азаматтық ұстанымын көрсету керектігін, 2021 жылдың 10 қаңтарында дұрыс таңдау жасауы қажеттігін атап өтті.
«Nur Otan» партиясының Қостанай облысы, Қостанай қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.