Елбасының ақша операциялары бақыланып отыруы керек - сенатор

Айшолпан КЕРІМ

  • 05.11.2021

Елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасаған ақша операциялары заң негізінде бақыланып отыратын түлғалар тізімінде болуы керек. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы жаңа заң жобасына қатысты сұраққа осылай жауап берді.

Кеше Сенат “Қылмыстық жолмен және терроризмді қаржыландыру арқылы келетін табысты заңдастырумен (ізін жасыру) қарсы күрес сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерін өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы” заң қабылдап, құжат қол қою үшін президентке жіберілді.

Сенаттың пленарлық отырысында Ольга Перепечина бұл құжаттың заңсыз табыстың ізін жасыру әрекеттерін азайту мен осы әрекетке қарсы жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталғанын айтты.

Қазақстан Республикасының жария лауазымды азаматтары жасаған ақша және өзге де мүлік операцияларын заң негізінде бақылау орнату үшін кезең-кезеңімен “Жария лауазымды тұлға” түсінігін қалыптастырып, жария лауазымды азаматтар институтын құру ұсынылады. Бұл азаматтар тізімін президент бекітіп, қаржылық мониторинг агенттігі жария лауазымды тұлғалар мен олардың жолдастары, жақын туыстарының тізімін жүргізеді. Мониторингтің бұл түрі жемқорлыққа қарсы күрес үшін де пайдалы болмақ”, - деді Перепечина палата отырысында.

Exclusive.kz журналистінің жария лауазымды тұлғалар тізімі қалай жасалып, тізімге кімдер кіретініне қатысты сұрағына сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы жария лауазымды азаматтардың бәрі тізімде болады деп жауап берді. Оның сөзінше, бұл тізімде депутаттар, үкімет мүшелері мен әкімдер мен қатар елбасы да міндетті түрде болуы керек екен.

Журналистің “Бұл тізімді неліктен депутаттар емес, президент бекітуі керек?” деген сұрағына Бақтиярұлы заң жобасын жасаушы - мәжіліс депутаттарына жүгінуді ұсынды.

Егер президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заң жобасына еш өзгеріссіз қол қоятын болса, жария лауазымды тұлғалар тізіміне экс-президенттің кіріп-кірмеуін де өзі шешуі керек болады.

Байланысты жаналықтар

Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

30.11.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

23.11.2023

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

22.11.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

15.11.2023

Тайны дела Бишимбаева

13.11.2023
MalimBlocks
Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

Ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады.  Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу  мәртебелі оқырман құзырында. 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Израиль мен ХАМАС бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіп, екі тарап кепілге алынған тұтқындарының бір бөлігін босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келген.

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

Тайны дела Бишимбаева

В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.