Елшілік : Моңғолия азаматтары Қазақстанға құрлық шекарасы арқылы өте алмайды

– Қазақстанға баруды жоспарлаған моңғол азаматтары үшін Ұланбатыр – Алматы бағытындағы әуе рейсті пайдаланған оңтайлы, – дейді Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы елшілігі.

Malim Админ

  • 04.04.2022

Ресей 30 наурыздан бастап Қазақстан мен Моңғолияның құрлық шекарасы арқылы өтуге шектеулерді алып тастайтыны жайлы айтылған еді. Бұл туралы Ресейдің РИА Новости сайты хабарлаған болатын.

– Жаңа коронавирус инфекциясының әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб 2022 жылғы 30 наурызда Мәскеу уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан бастап Ресей-Қазақстан шекарасының құрлықтағы қатысушысы арқылы Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Қазақстанға, сондай-ақ Моңғолия азаматтарының Ресейге және Ресей азаматтарының Моңғолияға Ресей-Моңғол шекарасының құрлық учаскесі арқылы шығуына шектеулерді алып тастау туралы шешім шығарды, – деп мәлімдеген Ресейдің коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штабы.

Бұл хабарға Моңғолиядаға қандастарымыз қатты қуанып, көптен келе алай отырған ағайындар көліктерін сайлап, жолға шығатын көлік-қатынастарының да хабарламалары тарай бастаған болатын. Алайда бұл қуаныш көпке созылмады. Өйткені бүгін Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы елшілігі жаңа хабарлама жариялады.

– 2020 жылы басталған COVID-19 індеті кезінде көптеген мемлекеттердің шекарасынан өту жағынан бірқатар өзгерістер болып, дүниежүзіндегі елдердің басым көпшілігі пандемияға бейімделген уақытша тәртіптер мен ережелер қабылдады. Биыл, 2022 жылдан бастап пандемия үдерісі бәсеңдеп, көптеген елдер шекарадан өту талаптарын жеңілдетіп, адамдардың емін-еркін жүруіне қолайлы жағдайлар жасауда. Осы тұрғыда біздің елімізде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібінде» қарастырылған шектеулер жеңілдетіліп, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 54 мемлекеттің азаматтарына Қазақстанға кіру үшін 30 күндік визасыз режим қалпына келтірілді. Қазақстан мен Моңғолия арасында 90 күнге дейін визасыз режим туралы арнайы келісімнің нормасы пандемия кезінде уақытша тоқтатылған болатын, алайда қазіргі жағдайда бұл келісім де қалпына келтірілді. Осылайша, әлемнің 73 мемлекетінің азаматтары визаны ресімдемей және арнайы Комиссияның рұқсатын алмай еліміздің халықаралық әуежайлары (аэропорттары) арқылы Қазақстанға келуге рұқсат етілген. Бұл жеңілдіктер, яғни Қазақстанға кіру және транзиттік өту жеңілдіктері біздің елімізге тек әуе қатынасы арқылы келетін адамдарға қатысты. Басқа жағдайларда әлі де арнайы Комиссияның рұқсаты қажет. Осы себепті Моңғолиядан Қазақстанға сапарға шығатын азаматтарға әуе кеңістігі арқылы елімізге кіруге ешқандай кедергі жоқ, – деп жазды елшілік.

Елшіліктің хабарлауынша, Ресейдің өзінің көршілері Қазақстан мен Моңғолия арасындағы шекарасын ашу мәселесіне келетін болсақ, бұл екіжақты шекаралық қатынастарға байланысты. Басқаша айтқанда, Ресейдің азаматтары жер арқылы тек Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібінде көзделген талаптарға сәйкес Қазақстанға кіре алады.

Бұның себебі, бүгінгі таңда Қазақстанның жер шекарасы толық ашылмағанын және жердегі халықаралық шекаралық бекеттері арқылы шетел азаматтарына Қазақстанға кіру жөнінде шектеулерді жеңілдету бойынша арнайы Комиссия тарапынан шешім әзірше қабылданбағанын атап өтеміз.

– Қазақстанға баруды жоспарлаған моңғол азаматтары үшін Ұланбатыр – Алматы бағытындағы әуе рейсті пайдаланған оңтайлы, – дейді Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы елшілігі.

Елшіліктің хабарландыруына қарағанда, Моңғолия-Қазақстан арасындағы жол қатынасы әлі де пандемия жағдайында тұр деуге болады. Бұл жағдайды реттейін Қазақстан тарапында болып отыр.

 

Бақытбек Асқар

Байланысты жаналықтар

Euro 2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

10.09.2023

Қазақстандық оқушылар олимпиадаларда үздік атанды

29.07.2023

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

12.07.2023

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

11.07.2023

Мерекелер елдің құндылықтарын жаңғыртады

13.06.2023

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

29.05.2023
MalimBlocks
Euro 2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

Алаңның екі қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды

Қазақстандық оқушылар олимпиадаларда үздік атанды

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

Путиннен кейін орыс «көке» болмайды

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

Біз Ресейге тәуелді боп қала береміз бе, әлде енді шығысымыздағы «ұлы» көршіміздің бодандығына кіреміз бе?

Мерекелер елдің құндылықтарын жаңғыртады

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

Қазірдің өзінде ұлттық валюталары рекордтық деңгейде құлдырап кеткен