Энергетика министрі БАҚ-тан кешірім сұрауды талап етті

Бірақ ол қай БАҚ-ты меңзегенін ашып айтпады.

Malim Админ

  • 10.05.2024

Үкімет отырысының алдында журналистердің сұрағына жауап берген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС салу жөніндегі референдумға пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚазАқпарат-тың жазуынша, БАҚ өкілдері Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың бір сұхбатында атом электр станциясы салу жөніндегі референдум жыл соңында өткізілуі мүмкін екенін айтқанын тілге тиек етіп, бұл қаншалықты шынайы ақпарат екенін сұрады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында әрдайым «Сәтқалиев референдум осы кезде өтеді деп айтты» дегендей ақпараттар жиі шығады. Сол басылым ресми түрде кешірім сұрауы тиіс деп есептеймін! Себебі мен «заңнамаға сәйкес» деп сөйлеп, халықтың талабы мен ынтасы ескерілетінін айттым. Мемлекет басшысы бұл бағытта саяси шешім қабылдады. Біз соған сәйкес референдум өткізумен айналысамыз, — деді министр.

Бірақ ол «кешірім сұрауы керек» деп қай БАҚ-ты меңзегенін ашып айтпады.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

АЭС құрылысы: шорт-листке 4 ірі компания кірді

31.01.2025

Қазақстанда үшінші АЭС салынуы мүмкін

29.01.2025

Жанармай экспортына тыйым салынғаннан кейін елде оның қоры күрт артқан

29.01.2025

Энергетика министрі жанар-жағармай бағасының қашан көтерілетінін айтты

28.01.2025

Қазақстанда АЭС салатын компаниялардың тізімі шықты

22.01.2025

«БАҚ-тағы ақпаратты растамайды». Ресей министрі қара жәшік жазбалары жайлы айтты

14.01.2025
MalimBlocks
АЭС құрылысы: шорт-листке 4 ірі компания кірді

Қазақстанда үшінші АЭС салынуы мүмкін

Жанармай экспортына тыйым салынғаннан кейін елде оның қоры күрт артқан

Энергетика министрі ол жасырын экспорттың елде қалуынан деп түсіндірді

Энергетика министрі жанар-жағармай бағасының қашан көтерілетінін айтты

Ол, сондай-ақ, ӘМАТ бағаларын күрт өсірмеуге күш салатындарын жеткізді

Қазақстанда АЭС салатын компаниялардың тізімі шықты

АЭС салуға үміткер ретінде төрт компания тіркелді

«БАҚ-тағы ақпаратты растамайды». Ресей министрі қара жәшік жазбалары жайлы айтты

Ақтаудағы ұшақ апатына негізінен Ресей аумағындағы шабуыл себеп болғаны айтылған еді