Ербол Мәндібек «El Tiregi» партиясынан кетті

Журналист Ербол МӘНДІБЕК тіркелмеген «El Tiregi» партиясынан шықты. Бұл туралы ол facebook.com әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«El Tiregi партиясынан ресми түрде кеттім.
Үш ай бұрын осындай шешім қабылдағанымды жасырмай жариялаймын. Бұның саяси, материалдық астары жоқ.
Мемлекеттің, қоғамның тұрақты дамуына мен де бір кісідей мүдделімін. Бұдан былай әлеуметтік жобалармен шұғылданамын. Қоғамның тұрақтылығын нығайтуға қатысты идеяларды іске асырамын. Ескерту: Осылайша, отбасымның, ағайын-туысымның тілегін орындадым. Маған ең қымбат адамдар. Алдағы күндері танымал ютуберлердің біріне көлемді сұхбат беремін. Сол жерде барлығын ашық, ашып айтамын. Саяси таңдауым өзгеруі де ғажап емес. Ең бастысы, мемлекеттің эволюциялық жолмен дамуына жан-жақты күш саламын. Құр айқаймен іс өнбейді. Қазақстанда оппозиция бар ма? деген сұрақтан басқасының бәріне жауап беруге дайынмын», - деп жазды Ербол Мәндібек.
Естеріңізге сала кетейік, «El Tiregi» партиясын құру бастамасын экс-депутат Нұржан ӘЛТАЕВ көтеріп жүр. Нұржан БАУЫРЖАНҰЛЫ 2017-2018 жылдары ауылшаруашылығы министрінің орынбасары, 2018-2019 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, 2019 жылы «Nur Otan» партиясының тізімімен мәжіліс депутаты болып сайланды. Былтыр партия қатарынан шыққан еді.
Фото: facebook.com
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс атқарды?
Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады. Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу мәртебелі оқырман құзырында.
Тайны дела Бишимбаева
В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.