Ертісбаев келгелі... Жамбыл Ахметбеков те партиядан кетті   

«Жаңа басшылықпен түсінісе алмадық»,-деді ол.

Malim Админ

  • 25.01.2023

Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан халық партиясының басшылығына келгелі   бұрынғы лидерлері орнын босатып жатыр. Бүгін Мәжілістің үш шақырылымында депутат болған Жамбыл Ахметбеков те кетті.    

«24 қаңтарда өз еркіммен партиядан шықтым. Мен бұл партияда алғаш құрылған күннен істедім. Партия - бұл менің өмірім. Қатардағы мүшеліктен хатшылыққа дейін өстім. Мәжілістің V, VI, VII шақырылымында депутат болдым. Екі рет президент сайлауына түстім»,- дейді Жамбыл Ахметбеков.

Ол өткен жылдарын есіне алып, Ертісбаев партияны мұндай деңгейге көтере алатына сенім білдірмейтінін айтты.

Оқи отырыңыз: Екі сөйлегіш Ертісбаев. Назарбаев дәуірінен – Жаңа Қазақстанға

«Жаңа басшылықпен түсінісе алмадық. Көз алдымда партия құрып барады. Халық бәрін есінде сақтайды. Ауылдарда жылдар бойы қолдаған азаматтар жаңа басшылыққа дауыс бермейміз деді. Партия сайлаудан жеңіледі. Өкінішке қарай, партиядан шығамын»,-деді Ж. Ахметбеков.

Бұған дейін Қазақстан халық партиясының сапынан Мәжіліс сайлауы қарсаңында VII шақырылымда депутат болған, Ерлан  Смайылов пен Ғазиз Құлахметов шыққан еді.  Қазақстан коммунистік халық партиясы болған олар 2020 жылы «Қазақстанның халық партиясы» деп атауын ауыстырған.  

Байланысты жаналықтар

Қауіпті жерде жұмыс істейтіндер 55 жастан зейнетке шығуы керек

09.03.2023

Ертісбаев депутат болғысы келмейді   

30.01.2023

Екі сөйлегіш Ертісбаев. Назарбаев дәуірінен – Жаңа Қазақстанға

03.05.2022
MalimBlocks
Қауіпті жерде жұмыс істейтіндер 55 жастан зейнетке шығуы керек

Ертісбаев депутат болғысы келмейді   

Түрлі жағдай орын алуы мүмкін екендігіне назар аудартты

Екі сөйлегіш Ертісбаев. Назарбаев дәуірінен – Жаңа Қазақстанға

Күнбағыс сияқты тірлік құру жеке азаматтық ұстанымға қиыспайтын жағдай