Есімовтің інісі Сағынтаевтың орынбасары болды

Malim Админ

  • 11.05.2021

Ахметжан Есімовтың немере інісі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары болды. Бұл жөнінде журналист Гүлжан Ерғалиева өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Есімовтің немере інісі Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды. Осылайша билік ағасынан-інісіне, інісінен оның інісіне беріле береді. Чиптелгендер берілмейді. Қазақстанда кландық билік қашан аяқталады?", - деді ол жазбасында. 

Бұған дейін БАҚ-та Серік Құсайнов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны жөнінде ақпарат тараған. Ол Ахметжан Есімов Алматының әкімі болып тұған уақытта қалалық әкімдік аппаратының басшысы қызметінен Алмалы ауданы әкімі қызметіне ауыстырылған.  

Серік Құсайнов 1964 жылы Алматы облысының Шамалған ауылында дүниеге келген. Ол әр жылдары Алматы әкімі аппаратының басшысы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болып қызмет атқарған.

«Құрмет» орденімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл", "Астана 20 жыл", "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы президентінің алғысымен марапатталған.

Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі.

Байланысты жаналықтар

Алматы бюджеттің 124 млн теңгесіне форум өткізбек

28.09.2021

Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?

20.05.2021

Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды

21.04.2021

"Әкім өз-өзін жазалай алмайды": Шектеу шенеуніктерге әсер етпей ме?

15.04.2021

Мыңбаев отставкаға кетуге мәжбүр болған

30.03.2021

Мамин Есімовті қызметінен босатты

29.03.2021
MalimBlocks
Алматы бюджеттің 124 млн теңгесіне форум өткізбек

Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?

Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды

"Әкім өз-өзін жазалай алмайды": Шектеу шенеуніктерге әсер етпей ме?

Мыңбаев отставкаға кетуге мәжбүр болған

Мамин Есімовті қызметінен босатты