Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Сарапшының пікірінше, Ресей тарапының бұл риторикасы халықаралық құқық үшін өте қауіпті салдарға әкелуі мүмкін.
Лавров Тоқаевтың ұстанымымен келіспейді
"КоммерсантЪ" басылымына берген сұхбатында Сергей Лавров Қазақстан Президентінің 2022 жылғы маусымда Петербор халықаралық экономикалық форумында айтқан пікіріне қарсылық білдірді. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Жарғысына сүйене отырып, Қазақстан Тайвань, Косово, Оңтүстік Осетия, Абхазия, сондай-ақ, ЛХР мен ДХР сынды аумақтарды мойындамайтынын айтқан еді. Ол "Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын жаппай жүзеге асыру хаосқа әкеледі" деген болатын.
Лавровтың айтуынша, аумақ тұтастығы сол аумақта тұратын халықты өкілетті түрде таныстыратын үкіметтерге ғана қатысты танылады.
Ғазиз Әбішев бұл пікірге қалай жауап берді?
"Сонда Үкімет халықтың өкілі екенін кім анықтайды? Бұл риторикалық джерримандеринг сияқты. Біріншіден, орталық белгілі бір аумақты білдірмейтінін мәлімдейді, кейін аумақ тұтастықтығын мойындаудан бас тартады. Содан кейін "өзін-өзі билеу құқығын" жарияланады. Бұл президент Тоқаев ескерткен хаосқа апаратын жол", - дейді ол.
Саясаттанушы 1990-жылдары сепаратистік республикалар, атап айтқанда, Ичкерия егемендігін жариялағанына қарамастан, Қазақстан өзінің серіктестерінің, оның ішінде Ресейдің аумақтық тұтастығын дәйекті түрде мойындағанын еске салды.
"Шынында, Лавров нені меңзеп тұрғаны түсінікті - "біз қалағанымызды жасай аламыз". Риторика тиімсіз болған кезде оның мағынасы өзгереді. Болашақта бізге "РФ әрдайым аумақ тұтастығын қолдайды" деп айтуы да мүмкін. Тек біз "дұрыс түсінбей қалғандай" боламыз", - деді саясаттанушы.
Қазақстанның ұстанымы өзгермейді
Сарапшы Қазақстан мемлекеттердің аумақ тұтастығын — халықаралық құқықтың бұлжымас нормасы деп санайды. Мемлекеттер бір-бірінің шекарасын бұзбауға тиіс. Әлем бұрынғыдай өзгеруі мүмкін — КСРО, Югославия немесе Судан сияқты — бірақ жаңа шекараларды тек халықаралық қауымдастықтың келісімі мен жауапкершілігі арқылы ғана тануға болады.
Фото: аzh.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды