Мамин халықтың кредитін жаппайтын болды

Malim Админ

  • 22.10.2020

Үкімет Мәжіліс депутаттарының Қазақстанда несиелік амнистия жүргізу керек деген ұсыныстарын қабылдаған жоқ.

Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына қыркүйек айының ортасында Мәжіліс депутаттары, коммунистік партияның өкілдері А. Конуров, Ж. Ахметбеков, Г. Баймаханова, В. Косарев, М. Магеррамов, И. Смирнова, Т. Сыздыков несиелік амнистия жасау туралы ұсыныстарын депутаттық сауал ретінде жолдаған болатын.

Қоғамда қызу талқылауға түсіп, өткеннен бері гулеген тақырыптың нүктесі қойылғандай. Парламент төрінде бұл мәселе көтірілген кезде біраз жұртшылық Үкіметтен қолдап табатындай қопаңдап қалған.

Депутаттардың оттай қызып тұрған сауалына Үкімет су сепкендей былай жауап берген.

«Несилік амнистия жүргізу туралы ұсыныс бірқатар қиындықтарды тудырады. Барлық қарыз алушылар міндетін дұрыс айтқармайтын болады, бұл банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіреді, ал банк өз салымшылары мен клиенттерінің алдында өз міндетін дұрыс айтқара алмайтын болады. Осыған байлнысты несилік амнистия туралы ұсынысты қолдамаймыз. Айта кетейік, банк несиені тартылған қаржылар арқылы береді. Банктің негізгі қоры депозиттер арқылы толтырылады. Несие беру мен кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекет кешенді шараларды қабылдайды».

 

Байланысты жаналықтар

"Әзілің жарасса..." немесе кімнің рөлін ойнауды білетіндер

06.07.2020
MalimBlocks
"Әзілің жарасса..." немесе кімнің рөлін ойнауды білетіндер