Манарбек Қабазиев: Қазір барлық мемлекет ұлттық қауіпсіздік стратегияларын қайта қарап жатыр

Malim Админ

  • 22.06.2021

Елімізде «Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» жаңартылып жатыр. «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтың айтуынша, жаңартылған стратегияда  биылғы ақпанда өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында тұңғыш президент белгілеген ұлттық мүдделерді қорғаудың тұжырымдамалық, жаңартылған тәсілдері енген. 
Сарапшының айтуынша, ҚР Ұлттық қауіпсіздігінің 2021-2025 жылдарға арналған жаңа стратегиясында әлемде болып жатқан және Қазақстанның мүдделері тұрғысынан өзекті барлық өзгерістер көрініс тапқан. 
Стратегия алдағы бес жылда күтілетін негізгі сынақтарға назар аударады. «Қазір де көптеген елдер аймақтық және ішкі жағдайлардың өзгеруіне қарай, өздерінің ұлттық қауіпсіздік стратегияларын қайта қарап жатыр», - деді М. Қабазиев. Стратегия өткен жылы басталған коронавирус пандемиясын және жалпы биологиялық қауіпсіздік мәселелерін жалғастыруды көздейді екен. Сондай-ақ Стратегияда әлеуметтік саланың, ақпараттық қауіпсіздіктің, киберқауіпсіздіктің аса маңызды мәселелері көрсетілген. Құжатта әлемдік нарықтардағы дағдарыс оқиғалары, оның ішінде қаржылық құбылыстар және олардың Қазақстан экономикасына әсері ескерілген. 
М.Қабазиев атап өткендей, құжатта азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі бірінші орынға қойылыпты. Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясын қабылдау – ең алдымен, адами капиталдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін уақытылы және маңызды қадам болмақ. Экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылған.
 «Сонымен бірге, осындай деңгейдегі құжаттарда қорғаныс қабілеті мәселелеріне әрқашан бірінші кезекте мән беріледі. Жаңа стратегияда жаңа өңірлік және жаһандық сын-қатерлер, оның ішінде гибридтік және ассиметриялық сынақтар да көрініс тапқан», - дейді сарапшы.

Байланысты жаналықтар

Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

30.11.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

23.11.2023

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

22.11.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

15.11.2023

Тайны дела Бишимбаева

13.11.2023
MalimBlocks
Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

Ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады.  Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу  мәртебелі оқырман құзырында. 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Израиль мен ХАМАС бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіп, екі тарап кепілге алынған тұтқындарының бір бөлігін босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келген.

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

Тайны дела Бишимбаева

В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.