Мәсімов 428 мың теңге айыппұлмен құтылып кете ме?    

Қызметтік жылқыға жем сатып алуға 60,9 млн теңге бөлген

Malim Админ

  • 10.02.2023

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі  Нұрлан Мәсімовке  428 мың теңге айыппұл салынды.   Мәсімовтың ісін Павлодар қалалық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты қарадыОтырыста Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысына қатысты екі іс қаралды.

Сот департаменттің 2021 жылы 18 қызметтік жылқыға жем сатып алуға 60,9 млн теңге бөлгенін анықтады. Алайда нормаларды бұзып, 10,7 млн теңге артық жоспарлаған. 2022 жылы жемге 13,4 млн теңге бөлінген, бірақ нормадан тыс 8,5 млн теңге қосылған.

Жемқорлықпен күрес қызметі бұған дейін «Мәсімовке мемлекеттік сатып алу және үлескер компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде «қамқорлық көрсету үшін» 90,3 млн теңге сомасында пара алды» деген айып таққанОларға «мемлекеттік бюджеттің арттех қару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңгесін жымқырды» деген де айып қосылған болатын. Сот тиімсіз жоспарлау бюджет ақшасын тиімсіз пайдалануға әкеп соқты деп есептейді.

«Облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысының кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар арқылы, аудиторлық есептер, тексеру комиссиясының материалдары, айғақтар және сот зерттеген басқа да материалдар арқылы дәлелденеді. Сот ҚР ӘҚБтК 234-1-бабы бойынша айыпталушыға әр іс бойынша 214,4 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындады», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 2 ақпанда Нұрлан Мәсімовтің ісі Павлодар мамандандырылған қылмыстық сотына қайтарылды.    

Былтыр 17 қаңтарда Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен алынған болатын.      

Сол жылы маусымда Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу салынды.  Оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды.

Кейін іздеу жарияланған Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы берілетіні хабарланды.       

2022 жылы 13 шілде де ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресеймен шекарада қолға түсірді.     

Байланысты жаналықтар

Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

28.11.2023

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары қолға түсті

29.09.2023

Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президентіне пара берген

10.08.2023

Актер Кененбай Қожабековке жауыздық жасаған кім?

09.08.2023

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар жазаға тартылады

14.06.2023

Депутат жоқ малға субсидия алып отырған

18.05.2023
MalimBlocks
Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

Мұндай әрекетке барған адам келесіде ауыр қылмыс жасайды

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары қолға түсті

«Ұрлық» бабы бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген

Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президентіне пара берген

АҚШ президентінің ТМД елдерінің шенеуніктер мен кәсіпкерлерінен пара алғаны белгілі болды.

Актер Кененбай Қожабековке жауыздық жасаған кім?

Осыдан кейін Нұрмұхан Жантөрин екеуі мүлдем араласпай кеткен

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар жазаға тартылады

Интернет және онлайн платформалар арқылы жалған ақпарат немесе жарнама таратқандар 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке қамауға алынады.

Депутат жоқ малға субсидия алып отырған

600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған