Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату туралы заңды мақұлдады
Енді отбасын қолдау орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға уақытша тұру мүмкіндігі беріледі.

Мәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. Заң балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған.
Түзетуде денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге, ұрып-соғуға, 16 жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қысым көрсетуге, суицидті насихаттауға және басқа да әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Құжатты екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттар бірқатар қосымша түзету енгізді.
Енді отбасын қолдау орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға уақытша тұру мүмкіндігі беріледі.
Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау тәртібі реттеледі. Сотталған немесе татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға сот белгілеген арнайы талаптарды қолдану шаралары да нақтыланды.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды