Мәжілісмендер референдум бойынша кездесулер өткізді

Malim Админ

  • 12.05.2022


ҚР Парламенті мәжілісінің бір топ депутаты Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Басты мақсат – Конституцияға өзгертулер енгізу мен референдумды өткізу бойынша түсіндіру жүргізу.

Халық қалаулылары үстіміздегі жылдың маусымына дейін қала-аудандарды аралап, референдумға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізбек. 

Елімізде референдум соңғы рет 27 жыл бұрын өткізілген. Бұған дейін өзгертулерді Парламент сессияларында екі палата өкілдері қабылдаған. Енді халық пікірі ескеріледі. Референдум әр қазақстандыққа өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Ата заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды негізгі бес бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт – суперпрезиденттік модельден республикалық модельге көшу. Екінші бағыт – билік құрылымдарының жұмысын қайта құру. Үшінші блокқа парламент рөлін өзгерту және күшейті. Үшінші блок халықтың мемлекеттік басқаруға араласуға мүмкінді кберу. Бесіншіден, адам құқықтарын қорғау механизмдерін нығайту. Біз үшін әр адамның пікірі маңызды. Осылайша, біз естуші ел тұжырымдамасын жүзеге асыруға атсалысамыз, - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Ким. 

Айта кетейік, Ата заңды өзгертуге байланысты жоспар жүзеге асса, Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі.

Референдум Қазақстан халқына үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Болашақта Ата заңға өзгерту енгізу мемлекетімізде көптеген өзгерістерге әкеледі. Референдум бірінші рет өтпек. Мен де жанұяммен бірге бірінші рет қатысамын, - дейді Павлодар кардиохирургиялық орталықтың дәрігері Думан Ізғұттинов.

Ал Парламент Мәжілісінің депутаттарынан құралған екінші топ -  Павел Казанцев, Нұрбек Саясат, Лариса Павловец және Динара Закиева өндірістің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Референдум жайлы түсініктеме беріп, жұмысшылардың мұң-мұқтажын және лебізін тыңдады. Жиында рефендумға қатысты тың ойлар айтылып, депутаттар «Жаңа Қазақстанды» бірге құруға шақырды.

Депутаттар жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталып, дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді. Кездесуде қатысушылардың сұрағына нақты жауаптар берілді. Әр баптың өзгерісіне жеке-жеке тоқталды:

- Суперпрезиденттік басқару формасынан түпкілікті бас тарту;  

- Президент туыстары квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік қызметте басшылыққа тағайындалмайды;

- Жер және жер қойнауы – халықтың меншігі;

- «Өлім жазасына» тыйым салу;

- Президент және судьялар, сайлау комиссиясының өкілдері, әскери және Ұлттық қауіпсіздік қызметшілері ешқандай партияның, қоғамдық бірлестіктердің мүшелігінде болмауы тиіс.

Сонымен қатар шарада депутаттармен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумды қолдауға қатысты салмақты дәлелдер мен шынайы себептер айтылды.

Шара соңында арнайы қағазға ұсыныстар мен талап-тілектер жазылды.

Мәселенің басым бөлігі баспана, зейнет жасын азайту және жалақы мөлшерінің аздығы болды.

Кездесу соңында ұйым қызметкерлері депутаттарға өз ықылыстарын білдіріп, жалпыұлттық рефендум өткізу бастамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатын жеткізді.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

20.01.2025

Президентке әділетті қоғам қалыптастыру шаралары туралы мәлімет берілді

20.01.2025

Басқарушы элитаның басында кім тұр? Саяси элитаның рейтингі жарияланды

20.01.2025

Америка TikTok-ті бұғаттады

19.01.2025

Соңғы аптадағы негізгі жаңалықтар

18.01.2025

Дональд Трамптың инаугурациясы жабық ғимаратта өтеді

18.01.2025
MalimBlocks
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

Президентке әділетті қоғам қалыптастыру шаралары туралы мәлімет берілді

Басқарушы элитаның басында кім тұр? Саяси элитаның рейтингі жарияланды

Америка TikTok-ті бұғаттады

Соңғы аптадағы негізгі жаңалықтар

Соңғы бір апта межесінде елімізде және шетелде болған негізгі оқиғалар.

Дональд Трамптың инаугурациясы жабық ғимаратта өтеді