Медицина сапалы қызметіне қолжетімділік артады

Malim Админ

  • 06.01.2021

Еліміз үшін маңызды науқан ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының өтуіне санаулы күндер қалды. Үгіт-насихат жұмысының соңғы аптасында Мұнайлы ауданы бойынша көптеген іс-шара жүзеге асты. «Есіктен-есікке» акциясы мен канвассинг, экспромт-кездесулер ұйымдастырылды. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек.

Облыстық мәслихат депутаты болуға үміттілер Абай Түрікпенбаев пен Киікбай Ешманов Мұнайлы ауданы, Атамекен ауыл тұрғындарына «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмысын жүргізді. "Nur Otan" партиясының Мұнайлы ауданы бойынша әзірленген бағдарламасымен таныстырды. Ауданда жыл сайын 2 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатынын айтып, әр салаға білікті кадрлар тартылатынын жеткізді.

Келесі іс-шара да облыстық мәслихат депутатына кандидат Шолпан Ильмуханбетова мен аудандық мәслихат депутатына үміткер Гүлфайрус Бимембетовамен жүзеге асты. Кандидаттар Атамекен ауылының тұрғыны Үсенбай Аймағанбетов ақсақал мен Сәрсенбибі Өтешова апаның шаңырағына барды. Тағы бірқатар үйге кіріп шықты.

«Nur Otan» партиясы аталмыш жоспарлы жұмыстардың жүзеге асуына ықпал етеді. Алдағы сайлауда партия жеңіске жетсе, бағдарлама мәслихатта бекітіліп, 2025 жылға дейін жоспар орындалуы қадағаланады. Мұнайлы - Елбасымыздың жарлығымен құрылған аудан. 2007 жылдан бері ауданда инфрақұрылымды дамыту, экономикасын ілгерілету, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша көптеген келелі істер атқарылды. Әлі де жалғасын табады. Мәселен 2022 жылға қарай аудан толық сапалы ауыз сумен қамтылады, - деді кандидаттар насихат барысында.

Аудандық мәслихат депутатына үміткер Дулат Бөкебаев, Абзал Марат, Нұрсұлтан Дидар, Көбей Қарақұловтың сенімді өкілі және ерікті жастар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында "Есіктен-есікке" акциясын өткізді. Атамекен ауыл үйлерін аралап, тұрғындарға үгіт-насихат жүргізді. «Nur Otan» партиясы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, аудан халқының тұрмыс жағдайы мен деңгейін артыратынын сөз етті.

 Ауданның әрбір тұрғыны үшін денсаулық сақтау саласының қызмет сапасы артады. Ол үшін партия бірқатар жұмыстарға ықпал етеді. Нақтырақ айтып өтсек, Қызылтөбе, Маңғыстау, Батыр, Дәулет және Баянды ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Батыр ауылдық округінің Самал шағынауданында дәрігерлік амбулатория, Маңғыстау ауылынан көпсалалы 150 төсектік аудандық аурухана салынады. Аудандағы медициналық ұйымдар заманауи технологиямен қамтамасыз етіледі. Компьютерлік томография және экспертті-классты ультрадыбыстық зерттеу аппаратымен толығады. Мұнайлы ауданының жедел медициналық жәрдем станциясы филиалының автопаркі 15 көлікпен жабдықталады.

Денсаулық сақтау саласында материалдық базаны жақсартумен қатар білікті кадрларды тарту мәселесі де маңызға ие. Басқа өңірлерден кадрлар шақыртылады. Жергілікті жерлерде денсаулық сақтау жүйесінің кадрларын «Дипломмен ауылға» жобасы арқылы жұмысқа алынады. Жылына 10 дәрігер: педиатр, хирург, невропатолог маманы.

Тұрғындар бағдарламадағы ауқымды жұмыстарға көңілдері толып, жүз пайыз орындалатынына сенім білдірді. Кандидаттар еліміздегі ең мықты саяси ұйым - «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды. Ерікті жастар үнпарақтар таратты.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы сайлау қоры қаражатынан төленді

Байланысты жаналықтар

Елу мобильді автобус аялдамасы орнатылады

06.01.2021

NUR OTAN: Маңғыстауда 5 жылда 40 мың адамға үй салынады

25.12.2020

"МАҢҒЫСТАУ ЭНЕРГО" ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

15.12.2020
MalimBlocks
Елу мобильді автобус аялдамасы орнатылады

NUR OTAN: Маңғыстауда 5 жылда 40 мың адамға үй салынады

"МАҢҒЫСТАУ ЭНЕРГО" ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ