Министр баяндама жасап жатқанда еgov.kz порталы істен шықты

еgov.kz порталының ішінде 1-сыныпқа балаларды қабылдау қызметі жойылып кетті. Цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин ақауға қатысты пікір білдірді

Сұлу Бөлек

  • 01.04.2025

еgov.kz порталының ішінде 1-сыныпқа балаларды қабылдау қызметі жойылып кетті. Цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин ақауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін таңертеңнен бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру басталған. Алайда әуелі еgov.kz порталы істемей қалды, кейін істегенімен ішінен 1 сыныпқа балаларды қабылдау қызметі жойылып кетті. Дәл осы кезде Қазақстанның цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев үкіметте “Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, мектепке қабылдау кезінде қағазбастылықты толық жойдық” деп баяндама жасап жатқан еді. 

Мәдиевтің өзі үкіметтегі баяндамасынан кейін журналистер алдына шыққан жоқ. Оның орнына орынбасары Ростислав Коняшкин жауап берді. 

"Егов порталы жыл сайын осылай істемей қалады. Бүгін үште істейді деп отырсыздар. Ол кезде де сайт ашылмаса не істейміз? Балаларын үй жанындағы мектепке бере алмаған ата-аналардың алдында кім жауапты болады?" – деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі вице-министрден.

Оның айтуынша, егов порталында бірінші сыныпқа қабылдау қызметі бүгін сағат 15.00-де қайтадан іске қосылады. 

"Сол кезде портал бүкіл жүктемен шыдар деп үміттенеміз. Кез келген мемлекеттік қызметті іске қосар алдында дайындық жасау жөнінде айтар болсам, ол қызметті қосар алдында соған жауапты мемлекеттік органмен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұл - бірлескен жұмыс. Ата-аналар алдындағы жауапкершілік туралы айтар болсам, иә, басқа мемлекеттік органдар сияқты біз электрон үкіметке жауапты адам ретінде бұл сервистің қызметіне жауаптымыз", – деді вице-министр.

Егер осы қызметті еңсере алмасаңыздар бұрынғы түріне қайтару жоспарда жоқ па деген сұраққа Коняшкин былай жауап берді.

"Цифрлық бағыт қашан да дұрыс жол, бірақ оңай жол емес. Цифрландыруды күшейту арқылы жемқорлықтвң алдын алып, ашықтықты қамтуға болады. Егер цифрландыру болмаса, адамдар бір-бірімен кездескенде жемқорлық қаупі туындауы мүмкін. Қандай жағдай болмасын цифрландыруды жалғастырамыз. Бірақ цифрлық қызмет көрсете алмасақ, офлайн қызмет көрсетуіміз керек! Ол үшін ХҚО-лар қызмет көрсетеді. Бірақ қазір мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы онлайн форматқа көшірілген. Сондықтан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жалғастыра береміз", - деді ол. 

Фото:my-egov-kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

"Басылып кеткен шығар". Министр әкім сыналған постқа неге лайк басқанын түсіндірді

20.03.2025

«Азабы өте үлкен». Бас имам ЛГБТ туралы айтты

19.03.2025

Ішкі істер министрі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

19.03.2025
MalimBlocks
Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

"Басылып кеткен шығар". Министр әкім сыналған постқа неге лайк басқанын түсіндірді

Нұржан Нұржігітов неге әлеуметтік желіде Ербол Қарашөкеевті сыналған постқа лайк басқан?

«Азабы өте үлкен». Бас имам ЛГБТ туралы айтты

Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, бұл - үлкен күнә, ата-баба жолына қайшы келетін жат түсінік. 

Ішкі істер министрі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды