Мың күндік соғыс: Ресейден 80 мың әскер өлген

Осыған дейін соғысқа қатысып, қайтыс болған ресей әскерлерінің жалпы санының 22%-ын еріктілер тобы құрап отыр

Аялдар Күнтуған

  • 29.11.2024

                                   Фото: ВВС

Ашық деректерге сүйене отырып, Би-би-си Mediazona және еріктілер тобымен бірге Украинаға басып кіргеннен бері қаза тапқан ресейлік 80 973 әскердің аты-жөнін анықтай алды. Олардың жартысынан көбі соғыс басталғанда әскерде болмаған. ВВС Ресей әскерінің шығыны туралы көлемді мақала ұсынды. Біз соны ықшамдап беріп отырмыз.

Ерікті әскери қызметкерлер арасындағы шығын тез өсуде, олардың көпшілігі майданға жіберілгеннен кейін екі-төрт апта ішінде ажал құшады.

Мысалы, Алтай өлкесінің Заринск қаласынан 32 жастағы Никита Соловьев 2024 жылдың 9 қыркүйегінде Украинаға аттанған. Ол барған соң бес күннен кейін өлген. Келісімшартпен соғысқа ерікті болып қатысқандардың арасында шығын көп дейді зерттеушілер.

Осыған дейін соғысқа қатысып, қайтыс болған ресей әскерлерінің жалпы санының 22%-ын еріктілер тобы құрап отыр.

Бір жыл бұрын, 2023 жылдың қарашасында еріктілер жалпы құрбандардың 14%-ын ғана құраған.

Түрмеден майданға жіберілгендердің қайтыс болғандар арасындағы үлесі, керісінше, азайып келеді. 2023 жылдың қарашасында олар барлық қайтыс болушылардың 26%-ын құраса, қазір олар 18%-ға төмендеген.

Бірақ тұтқындардан құралған бөлімшелер әлі де алдыңғы шепте орналасқан және жауынгерлік жүктеменің бір бөлігін солар атқарады.

29 қарашада Башқұртстан Республикасының билігі мен бұқаралық ақпарат құралдары аймақтан өлген әскерлердің ең көп санын атады – 3366.

Бұл тізімнің бірінші сатысында Свердлов облысы тұр. Облыста көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары болғандықтан, солардан жұмысшыларды әскерге әкету оңай болды. Сондай-ақ облыста бірқатар ірі түзеу колониялары бар, олардан тұтқындарды алдымен «Вагнер», содан кейін Қорғаныс министрлігі тез арада майданға алып кетті.

Татарстан 2024 жылы ең көп шығынға ұшыраған үш аймақтың қатарында тұр. Оны өлгендер туралы ақпарат жинайтын белсенділердің арқасында анықтаған.

Соғысқа қатысушылардың таныстары мен туыстары жергілікті қоғамдастықтарға қаза тапқандар туралы ақпаратты жіберіп, жариялайды, Көбінесе жергілікті билік жасырған жайттарды тауып, соны тізімге қосады.

ВВС Ресейден өлген әскер саны бұдан әлденеше есе көп болуы мүмкін дейді. Өйткені, нақты аты-жөні анықталған адамдарды ғана өздерінің тізіміне қосқанын айтады.

Байланысты жаналықтар

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

01.04.2025

Ол жақында өледі, мұнымен бәрі бітеді - Зеленский Путин туралы

27.03.2025

Украина тұтқындарды босатуды сұрады. Путин де шарт қойып отыр

26.03.2025

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

25.03.2025

Украина мен Ресей 175 тұтқынымен алмасты

19.03.2025

Зеленский мен Трамп телефонмен 1 сағат сөйлесті

19.03.2025
MalimBlocks
Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

Ол жақында өледі, мұнымен бәрі бітеді - Зеленский Путин туралы

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің мақсаттары мен қорқыныштары туралы айтты

Украина тұтқындарды босатуды сұрады. Путин де шарт қойып отыр

Ресей мен Украина бітімгершілікке қатысты түсініктеме берді

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

Украина мен Ресей 175 тұтқынымен алмасты

Зеленский мен Трамп телефонмен 1 сағат сөйлесті