Мысырдағы елші "Қазақстан" атауын өзгертуді ұсынды

Айшолпан КЕРІМ

  • 04.05.2022

Қазақстанның Мысырдағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф мемлекет атауын өзгертуді ұсынды. Елші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, мемлекет атауындағы "стан" жұрнағын алып тастау керек деп есептейінін жазған.

«Бүгінгі таңда 193 мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып табылады. Олардың қатарында 7 мемлекеттің атауы «стан» жұрнағымен аяқталады: Afghanistan, Kazakhstan, Kyrgyzstan, Pakistan, Tajikistan, Turkmenistan және Uzbekistan. Стан – парсы сөзі, ел деген мағына береді. Сөздің шығу төркініне үңілсек, жер (land) деген ұғымға да сай келеді. Ирандықтар провинцияны («Остан») дейді. Остан мен Астана – түбірлес сөздер», – делінген жазбада.

Елші Ата Заңға өзгеріс енгізер шақта өзінің ұсынысына құлақ асылса дейді.

«Осы 7 ел, 20 ірілі-ұсақ елді мекендердің атауларына көз жүгіртсек, «стан» ұғымы БҰҰ-ның ресми терминімен айтқанда – «мемлекет» (State) мағынасын бермейді. Сондықтан, менің пікірімше, Ата Заңымызға өзгерістер енгізгенде ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ, КАЗАХСКОЕ ГОСУДАРСТВО (орысша), STATE OF QAZAQ (ағылшын тілінде) деп, «тайға таңба басқандай» жазуымыз керек», – дейді ол.

Сондай-ақ елші мырза QAZAQIA деген нұсқаға да тоқтала өткен.

«БҰҰ-на мүше 36 мемлекет ұлтына латын тілінен енген «ia» сөз тудырушы жұрнақты қосып, қысқа атауын береді: Albania, Algeria, Armenia, Australia, Austria, Bolivia, Bosnia, Bulgaria, Cambodia, Colombia, Croatia, Czechia, Estonia, Ethiopia, Gambia, Georgia, India, Indonesia, Latvia, Liberia, Lithuania, Malaysia, Mauritania, Micronesia, Mongolia, Namibia, Nigeria, Macedonia, Romania, Serbia, Slovakia, Slovenia, Somalia, Tunisia, Tanzania, Zambia. Бізде осы үрдістен қалмай, Қазақ мемлекетінің қысқа атауын QAZAQIA дегеніміз жөн болар. Қазақ мемлекеті мен Қазақия атауларының мәні барабар. Әрине, референдум кезінде ұсыныс-пікірлерімізге төрелікті халық береді. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген атадан балаға мұра болып қалған даналық сөзге мойын ұсынамыз», - дейді ол.

Байланысты жаналықтар

Самовыдвиженцы "Аманата" победили на выборах

20.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты

20.03.2023

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

20.03.2023

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

20.03.2023

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

20.03.2023

Exit poll нәтижесі шықты.  Қай партия басым түсті?

20.03.2023
MalimBlocks
Самовыдвиженцы "Аманата" победили на выборах

Центральная избирательная комиссия представила предварительные итоги выборов в мажилис по партийным спискам и одномандатным округам.

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты

Көп дауыс алған кімдер?

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

Науқан барысында әкімшілік кедергілерге де тап болды

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

Республика бойынша 25 қала мен елді-мекенді қамтылды.

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

Протоколдардың жартысы біздің қолымызға тимейді

Exit poll нәтижесі шықты.  Қай партия басым түсті?