Nur Otan: Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Атырау облысы Мақат аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Азамат Дәулетқалиев, Мөлдір Ізтұрғанова, Бауыржан Жүсіповтер Доссор кентінде сайлаушылармен кездесіп, «Есіктен – есікке» акциясын жалғастырды. Үміткердің өзі есік алдына келіп тұрған соң тұрғындар жүріп жатқан саяси науқанның маңызын сұрап, өздерін толғандыратын мәселелерді айтты.
Сондай-ақ, сайлаушылар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын құптайтындарын жеткізді. Тұрғындардың сөзінше, бұл бағдарламада қарапайым азаматтардың қажеттілігі барынша қарастырылып, талап-тілегі ескерілген.
«Есіктен-есікке» акциясы аясында кандидаттар ауданға еңбегі сіңген құрметті азаматы Дінғали Дәулетқалиевтың шаңырағына да арнайы барды. Ардагер үміткерлерге бата беріп, «Nur Otan» партиясына абыройлы жеңіс тіледі.
Санитарлық сақтық шаралары барынша сақталған мұндай кездесулер алдағы күндері де жалғасып, үгіт-насихат жұмыстары қызу талқыға түсе бермек.
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді