Өлмесең есімің енді берілмейді
Үкімет әуежай, порт, теміржол вокзалы, теміржол станциясы, автобекет, автостанция, физика-географиялық және де басқа мемлекеттік меншіктегі мекемелердің атауына қатысты 15 сәуір 2020 жылғы арнаулы қаулысын бекітті.
Бұл қаулы бойынша, енді Қазақстан Республикасына һәм әлемдік қауымдастыққа еңбегі сіңген жеке адамдар, мемлекет, қоғам, ғылым, мәдениет, спорт және де басқа сала қайраткерлерінің есімі тұлғаның қайтыс болған күнінен кем дегенде 5 жыл өтпей меншік атауларына берілмейді.
Қаулы баспасөзде жарық көргеннен кейінгі 10 күннен кейін күшіне енеді.
Бір айта кетерлігі, бұл талап бұрын болған. Бірақ, үкімет 2017 жылы қаулыдағы «қайтыс болғаннан кейін кемінде бес жыл» деген сөзді алып тастады. Содан кейін көзі тірі адамдардың аты мемлекеттік мекемелерге жаппай беріле бастады. Мәселен, Астана Нұр-Сұлтанға ауысты. Бас қаладағы әуежайда «Назарбаев» болып кетті.
Оқи отырыңыз: Сотқа сенбейтін Сейсембаевты әлеуметтік желі қорғай ма?