Отырар «Нұр-Отанмен» өрекендейді!
Түркістан облысы Отырар ауданында «Отырар-Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі бар. Тәулігіне 5 тонна сүт, 1 тонна ет өңдеуге қауқарлы бұл жерде 25 адам тұрақты жұмыс істейді. Пандемияның асқынып, қалалар жабылып, қарым-қатынас тоқтаған сәтте бұл кәсіпорын өз жұмысын тоқтатқан емес. Қайта сол қиын кезеңде әлеуеті аз, көмекке мұқтаж отбасыларына қолдау білдіріп, ет, сүт өнімдері мен азық-түлік пакеттерін таратып, демеушілік жасады. Осы кооперативтің қожайыны, кәсіпкер Н.Ахаев үкіметке риза. Өйткені, оның бұл кәсіпті 2013 жылы ашуына «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы сеп болып, көп демеу болған. Яғни, мемлекет пен бизнес тіл табысып, халыққа, елге пайдалы қызмет атқарып жатыр. Дегенмен, Отырар ауданында осы күнге дейін атқарылған тиімді, нәтижелі шаруа аз болмаса да, алдағы күні артқарылатын табысты істер бір төбе екен.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мырзахан Манапов пен Абай Құрман Көкмардан ауылындағы осы өндірістік кооперативтің қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен кездесіп, еркін форматта әңгіме құрып, Отырарды көркейтудің жоспарларын талқылады.
Басқосуда кандидаттар аймақта инвестициялық жобалар мен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі «Nur Otan» партиясының ауданды дамытуға арналған 7 басымдығының экономикалық тұрақты аудан бағытына тоқталды. Бұл бағыт бойынша партия ауданда түйе сүтін өңдеу (қуаттылығы тәулігіне 1 тонна) кәсіпорынын ашуға, ірі қара малдың санын 10%-ға немесе 5 100 басқа көбейтуге, ұсақ мал басын 10%-ға немесе 35,7 мың басқа, жылқыны 3,5%-ға немесе 6,2 мың басқа, түйені 2%-ға немесе 1,2 мың басқа, құсты 8,5%-ға немесе 6,7 мың басқа дейін көбейтуге ықпал етеді. Осы шаралар нәтижесінде ет өндірісі 1800 тоннаға, сүт өнімдері 3300 тоннаға, жұмыртқа 1,2 млн. данаға артады. Нәтижесінде 2025 жылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2,5 есе өседі.
Партияның нақты және айқын істерге бағытталған сайлауалды бағдарламасына сенім артқан сайлаушылар алдағы саяси науқанда «Nur Otan»-ға қолдау білдіретіндерін айтты.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Отырар ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді