Перуашев Тоқаевты қолдайды

Malim Админ

  • 22.10.2020

Пропрезиденттік «Ақ жол» партиясы да алдағы мәжіліс сайлауына қатысады. Бұл туралы саяси ұйымның орталық кеңес президиумы хабарлады.

Азат ПЕРУАШЕВ бастаған ақжолдықтар президент ТОҚАЕВТЫҢ сайлау туралы шешімін толық қолдайды және құптайды екен.

«Мәслихаттар мен парламент мәжілісіне сайлауды бір мезгілде  өткізу мемлекеттің ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстарын оңтайландыруға мүмкіндік береді, бұл қазіргі экономикалық ахуал жағдайында  маңызды», -делінген хабарламада.

Қашанда ақжолдықтар  билік партиясы «Нұр Отанды» қолдап жүреді. Естеріңізде болса, Азат Перуашев 2015 жылы «Ақ жол» президенттік сайлаудан бас тартып сол кездегі президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеген.  Негізі «Ақ жол» басшысы нұротандықтарды кумир тұтса керек, әлде қатты сыйлай ма әйтеуір олармен тайталасқысы келмейді. Былтырғы президенттік сайлауда да «Нұр Отан» атынан шыққан Қасым-Жомарт Тоқаевпен бәсекелеспей алдыға Дания ЕСПАЕВАНЫ салып қойды.

Қақаған қаңтарда митингі өткізу қиын, пандемия жағдайында сайлау онлайын өтіп кетпей ме? Бұл президенттік сайлауда ОСК-ны әбігерге салған тәуелсіз бақылаушылардан қашу ма деген сауалдар қоғам тарапынан қойылып та жатыр. Кім біледі бұл мәселе ақжолдықтардың да көкейінде болуы ықтимал. Өйткені Перуашевтың саяси ұйымы адал және ашық сайлау өту керек деген сөзді айтыпты.

«Біз сондай-ақ пандемияның жаңа толқыны мен өзге де сыртқы сын-тегеуріндердің сақталып отырған қауіпіне байланысты, бүгінгі кезеңнің күрделілігін атап өтеміз. Сайлау органдарын, басқа партиялардағы әріптестерімізді және сайлаушыларды сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ адал және ашық сайлау өткізуге шақырамыз», - делінген хабарламада.

Фото: tobolinfo.kz

Байланысты жаналықтар

Самовыдвиженцы "Аманата" победили на выборах

20.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты

20.03.2023

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

20.03.2023

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

20.03.2023

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

20.03.2023

Exit poll нәтижесі шықты.  Қай партия басым түсті?

20.03.2023
MalimBlocks
Самовыдвиженцы "Аманата" победили на выборах

Центральная избирательная комиссия представила предварительные итоги выборов в мажилис по партийным спискам и одномандатным округам.

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты

Көп дауыс алған кімдер?

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

Науқан барысында әкімшілік кедергілерге де тап болды

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

Республика бойынша 25 қала мен елді-мекенді қамтылды.

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

Протоколдардың жартысы біздің қолымызға тимейді

Exit poll нәтижесі шықты.  Қай партия басым түсті?