Президент: Қыз алып қашуды ақтауға болмайды
Ұлттық құрылтайда «қыз алып қашу» жайы да сөз болды.
Президент Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынды.
«Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын», - деді құрылтайдағы сөзінде.
Сондай-ақ, оқыңыз: Тоқаев Елтаңбаны өзгертуді ұсынды
Мұнан бөлек көтерілген мәселелер қатарында «қыз алып қашу» жайы да сөз болды.
«Қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс», - деді атап өтті.
- Халқымыздың дүниетанымында қара киініп жүру деген атымен болмағанын айтып, салт-дәстүрімізден ажырамауға шақырды
«Соңғы жылдары ел ішінде қара киініп, тұмшаланып жүретін адамдар пайда болғаны баршаңызға мәлім. Олар – бөтен емес, өз азаматтарымыз. Халқымыздың дүниетанымында қара киініп жүру деген атымен болмаған. Бұл – еліктеушіліктен, әсіре-діншілдіктен туған үрдіс. Біз салт-дәстүрімізден ажырамауымыз керек», - деді президент.
- Жалға берілетін баспана санын бірнеше есе көбейтуді Үкіметке тапсыратынын айтты
«Биыл 1 наурыздан бастап іске қосылған «Отау» ипотекалық бағдарламасы ел ішінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұған қоса ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керек. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспауы қажет. Сонымен қатар, сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана санын бірнеше есе көбейтуді Үкіметке тапсырамын», - деді.
Сондай-ақ, оқыңыз: Президент: Менің ұсынысым - есірткі өндірісін ең ауыр қылмысқа теңестіру
Фото: Ақорда