Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президент Ресей Сыртқы істер министрін қабылдады

Саясат
Президент Ресей Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы Ресей дипломатына ілтипат білдіре отырып, екі елдің қатынастары стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және инвестициялық-өнеркәсіптік кооперацияны ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды жүзеге асырудың маңызы зор екенін айтты.

Оның пікірінше, барлық тапсырма стратегиялық сипатқа ие және екі ел арасындағы көпқырлы байланыстарды айтарлықтай нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ көпжақты форматтағы және интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылдар талқыланды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдаған болатын.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу