Тоқаев Қытайдың Сыртқы істер министрін қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай дипломатиясының әлемдік саясатта аса маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Malim Админ

  • 20.05.2024

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай дипломатиясының әлемдік саясатта аса маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Оның айтуынша, Қытайдың бастамалары жаһандық күн тәртібіне ықпал етеді және халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосады.

Мемлекет басшысы Қытайды тауар өндіру және экспорттау, технологиялық инновация, экономикалық өсім, халықаралық инвестиция және басқа да көптеген салада мойындалған көшбасшы ел ретінде атап өтті.

Президент БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы қазақ-қытай қатынастарына жоғары баға берді.

Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі және солай болып қала береді. Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Шын мәнінде, екі ел арасындағы байланыстар мен ынтымақтастықтың болашағы зор, – деді Президент.

Министр Ван И қазақ жерінде құрмет көрсеткені үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ізгі тілегін жеткізді.

Кездесуде сауда-экономикалық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективалары, сондай-ақ үкіметаралық қатынастарды кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге сәлемін жолдап, оның Астанаға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына үлкен үміт артатынын жеткізді.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп