Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов шағын құрамда келіссөз жүргізді

Арман Қайыпхан

  • 10.10.2024

Шағын құрамдағы келіссөзге дейін «Оғызхан» сарайында Қазақстан Президентін қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас екі ел арасындағы санқырлы ынтымақтастықты нығайтуда мұндай жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті.

Түрікменстан – біз үшін туысқан ел әрі стратегиялық серіктес. Қазақстан – сіздің еліңізбен энергетика, көлік, логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастыққа қатысты барлық мәселе бойынша сенімді одақтас. Мұның алдағы уақытта да осы бағытта жалғаса беретінін атап өткім келеді. Әлбетте, біз Түрікменстанның халықаралық аренадағы бейтарап статусына құрметпен қараймыз. Сіздің еліңіз өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне өте елеулі үлес қосып келеді. Бұл ретте біз, ең алдымен, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында тығыз қарым-қатынас жасауға дайынбыз, – деді Президент.

Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның бауырлас Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті жан-жақты өркендетуге бейіл екенін растады.

Біз Түрікменстанның сыртқы саясаттағы бейтарап бағдарына, сондай-ақ БҰҰ және өзге де жаһандық құрылымдар аясындағы халықаралық бастамаларына қолдау білдіргені үшін Қазақстанға ризашылығымызды білдіреміз. Ал Түрікменстан Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы ұстанымын құптайды. Сондай-ақ біз елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың дамуына айрықша мән береміз. Энергетика, көлік, сауда-саттық, ауыл шаруашылығы, жоғары технологиялар секілді маңызды бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз. Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың да маңызы зор, – деді Түрікменстан Президенті.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бейіл екенін жеткізді.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

19.11.2024

Сербия сарайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

19.11.2024

Қарин: Еліміздегі жан-жақты реформалар жалғасын табады

15.11.2024

Тоқаев еміме көп ақша берді - Жүрсін Ерман

13.11.2024

Тоқаев бірнеше елдің президентімен кездесті

12.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына барды

12.11.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Сербия сарайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Қарин: Еліміздегі жан-жақты реформалар жалғасын табады

Тоқаев еміме көп ақша берді - Жүрсін Ерман

Ақынның Швейцарияға баруына мемлекет басшысы көмектескен

Тоқаев бірнеше елдің президентімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына барды

Президент СOP29 саммитінің пленарлық сессиясында ең бірінші болып сөз сөйлейді