Қазақстан медиасы әлі де Назарбаевтардың қолында

Олардың иелігінде  КТК телеарнасымен қатар, НТК телеарнасы, «Европа плюс Қазақстан», «Русское радио Қазақстан» радиолары, Караван,  Kazakhstan today басылымдары бар.

Malim Админ

  • 18.04.2022

Қазақстанның медианарығын 30 жыл билеп-төстеген Назарбаевтар әулеті әлі де ықпалынан айырылмапты. «Хабар» телеарнасын қаншама жыл басқарған Дариға Назарбаева бірқатар медианы уысынан шығармай отыр. Жақында ақпарат құралдарында әкесі Нұрсұлтан Назарбаевтың КТК телеарнасының акцияларын сатып алды деген хабар тарады. Бұл туралы bessimptomno телеграм арнасы жазды.   


Нақтырақ айтсақ, «Коммерциялық телеарна» акционерлік қоғамының 2 396 156 жай акциясын бір акция үшін 500 теңгеден «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» сатып алды. Мәміленің жалпы құны – 1 198 078 000 теңге. Коммерциялық емес ұйым төлем ретінде медиа жабдығын берген. Қаржылық есеп 11 сәуір күні жасалыпты. 


28 ақпанда КТК телеарнасы акционерлер жиналысында 2 622 850 дана жай акция шығару жайын талқыға салған-ды. Осы арқылы АҚ жариялаған акциялар санын 8 152 925 данаға дейін көбейту туралы шешім қабылдаған болатын. Ал 14 наурызда 2 622 850 жай акция сатуға шығару туралы шешім қабылданған. Айта кетейік, «Коммерциялық телеарна» АҚ-ның негізгі акционерлерінің бірі - «Нұрсұлтан Назарбаев қоры».


Қор жалпы 5 051 653 дауыс арқылы акцияның 91,36 пайызын иемденді. Сондай-ақ, акцияның 5,81 пайызын «TV Media Advertising Agency» ЖШС алған. Бұл Қазақстандағы ең ірі жарнама агенттігі. Оны басқаратын Валерий Сафонов Дариға Назарбаевамен байланысты жарнама бизнесімен айналысады.  
 «Нұрсұлтан Назарбаев қорын»  экс-Президенттің қызы Дариға Назарбаева басқаратыны мәлім. Осылайша Назарбаева екі құрылым арқылы КТК телеарнасын бақылап отыр.  Сатылым нәтижесінде “Назарбаев Қоры” құнды қағаздардың 97% -ын иеленді.


22 ақпан күні Дариға Назарбаева КТК телеарнасын сатып жатыр деген ақпарат шыққан. Осы үшін ол Алматыға барғаны жөнінде хабар тараған еді. КазТАГ басылымы 18 ақпанда Назарбаева Алматыдағы АСК-2 ғимаратында КТК телеарнасына барды. Ақ тон киіп, бас директор Эльвира Жәмилованың кабинетіне кіріп, бір сағаттан астам уақыт өткізді. Егер ол қалаған күнде, АСК-2 ғимараты құрылымы Назарбаеваның назардан тыс қалуына мүмкіндік берер еді» деп жазды.  Артынша КТК телеарнасының басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарып, «ақ тонды» ханымнан ат тонын ала қашқан. 


Назарбаевтар әулетінің иелігінде  КТК телеарнасынан өзге НТК телеарнасы, «Европа плюс Қазақстан», «Русское радио Қазақстан» радиолары, Караван,  Kazakhstan today басылымдары бар. Сонымен қатар,  2000  жылдары «Хабар» және «Еуразия 1» арналарына қожалық етті.  «Азаттық» радиосының дерегінше, бұл бұқаралық ақпарат құралдары қазір де мемлекеттен түрлі тапсырыс алады.  

 

Дариға басқаратын Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қоры   2010 жылы ресми тіркелді. 2014 жылға төрт жыл бойы дейін қор мемлекетке бір тиын да салық төлемеген. Тек 2015-тен бастап қазынаға қаржы сала бастапты. Cол жылы 6,5 млн, 2016 жылы 143,6 млн, 2017 жылы 333 мың теңге,  2018 жылы 0 теңге, 2019 жылы 50 мың теңге салық құйып отырыпты. Ал 2020 жылы 12 млрд, 805 млн теңге болатын  ең көп салық төлеген. 2021 жылы 9 млрд-тан астам ақшаны салыққа жұмсаған.  Соған қарағанда медиа қожайындарының 55 млрд теңгеге жуық табыс тапқан.  


КТК телеарнасының сатылатыны қоғамда жиі талқыға түсіп келеді. Алайда, арнаның ресми сайты «бұл ақпарат шындыққа жанаспайды» деп жауап берді. Телеарна акционерлерден заң талаптарына сәйкес компанияның акцияларын сатқаны туралы ешқандай хабарлама алған жоқ. Жалған ақпарат таратқан БАҚ өкілдері түсініктеме алу үшін КТК телеарнасына жүгінген жоқ» деп мәлімдеді. 
Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаевтың отбасы шетел асып кетті. Дариға Назарбаеваның да Мәжіліс отырысына қатыспағаны БАҚ-ты біраз сөз болды. Коронавируспен ауырды, енді бірде  ақысыз демалыста деді. Ақыры ақпанда Мәжіліс депутат Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Мәжіліс аппаратындағы дереккөздердің хабарлауынша, Назарбаева Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында.

 
Назарбаевтар династиясы мұнымен қоймай, болашағын да қамтамасыз етіп жатыр. Жақында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін қамтамасыз етуге 5,1 миллиард теңге бөлінбек деген жаңалық шықты. Бұл жөнінде «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізулер туралы құжатта көрсетілгені айтылады. «Ашық НҚА» порталында осы туралы жазба жарияланған.Жалпы 5,1 миллиардтың 2,6 миллиард теңгесі Назарбаевтың  Кеңсе жұмысына бөлінеді деген хабар бар.  Елбасының қызметін қамтамасыз етуге 1,2 миллиард теңге, Тұңғыш Президент кітапханасының жұмысына 1,3 миллиард теңге жұмсалмақ. Заң жобасы сәуірдің 21-не дейін өтетін қоғамдық талқылауға түседі. 
Бұл жағдаяттар Әбішұлы әулетінің әлі де билікті еркінде ұстауға деген ұмтылысын көрсететіндей.  Мемлекет байлығын талан-таражға салғандарды құрықтайтын Жаңа Қазақстан билігі бұған неге көз жұма қарап отыр екен?!

 

Айбын Атабай 
 

Байланысты жаналықтар

Назарбаевтың сенімді жақтастарының бірі Әбіқаев қызметінен кетті

29.10.2024

«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар». Назарбаев референдумда дауыс берді

06.10.2024

Қазақстандық миллиардер Болат Өтемұратов "31" медиахолдингін сатты

02.10.2024

Апорт өсірудің ұлттық стандарты әзірленеді

27.07.2024

Танымал актер Тоқаев, Назарбаев және Путиннен кешірім сұрады

18.07.2024

Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады

16.07.2024
MalimBlocks
Назарбаевтың сенімді жақтастарының бірі Әбіқаев қызметінен кетті

Ол Қазақстан Волейбол федерациясының басшысы болған

«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар». Назарбаев референдумда дауыс берді

Ол «Астана Опера» театрының ғимаратында таңдау жасады

Қазақстандық миллиардер Болат Өтемұратов "31" медиахолдингін сатты

Апорт өсірудің ұлттық стандарты әзірленеді

Еліміздегі апорт бақтары стандартқа сай салынбаған

Танымал актер Тоқаев, Назарбаев және Путиннен кешірім сұрады

Шоумен президенттерді сынағаны үшін айыптымын деп отыр.

Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады