Қорғаныс министрлігі Қазақстан қарулы қақтығысқа дайын деп үміттенеді
Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Сенат қабырғасында журналистер сұрағына жауап беру кезінде еліміздің Украина мен Ресей қақтығысында бейтарап позиция ұстанатынын айтты.

«Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың Қазақстанға еш қатысы жоқ. Біз екі жақты да қолдамаймыз. Бұл туралы сұрақ болуы мүмкін емес», - деді ол.
«Егер Украинадағы жағдай Қазақстанда қайталанса, біздің әскер оған дайын бола ма?» деген сұраққа Камалетдинов бұл сұрақтың бәрін мазалайтынын айтты.
«Кеше министр айтқандай, біздің қарулы күштеріміз берілген тапсырмаларды орындауға дайын деп үміттенеміз», - деді ол.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға тиесілі «сепаратистік» мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындап, кейін оларға қауіп төніп тұр деген желеумен Украина қалаларын бомбалап, әскери «іс-қимылдар» бастаған. Бұл әрекетті ресми Киевпен әлемнің көптеген елдері «соғыс» деп атады. Қарулы қақтығыстар әлі де жалғасып жатыр.
Әзірге Қазақстан билігі бұл жағдайға қатысты түсінікті мәлімдеме жасаған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел басшыларымен сөйлесіп, оларды бейбіт келісімге келуге шақырды.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
«Депутаты, выходите!» Как открывали сессию парламента
Напрасно перед открытием сессии окончательно обновленного парламента журналисты беспокоились, что различать депутатов, еще вчера развлекавших публику на каких-нибудь тоях да инстаграм-тусовках, будет невозможно. Некоторые обремененные мандатом креативщики с первого дня вырвали к себе внимание. Блогер Даулет Мукаев, например, украсил голову красивой тюбетейкой, и никто не ругал его за нарушение парламентского дресс-кода. Правда «пилить контент» на открытии сессии у него даже при желании не получилось бы. У входа в зал совместных заседаний депутатов и чиновников заставили оставить смартфоны в специальных ящичках. Такого даже в старом Казахстане не было.