Қырғызстан экс-премьерін тергеу тоқтатылды

Malim Админ

  • 24.03.2021

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті экс-премьер-министр Өмірбек Бабановқа қатысты тергеу жұмыстарын тоқтатты.

«Осыған дейін прокуратура мен тергеу органдарының бұрынғы Жоғары Кеңес депутаты, президенттікке үміткер Өмірбек Бабановпен оған қатысы бар коммерциялық құрылымдарға қатысты жүргізген тексеру жұмыстарын тоқтату жөнінде шешім қабылданды. Бабанов пен оның туыстарының іс-әрекетінен мемлекетке, заңды тұлғаларға және азаматтарға зиян келтіру фактілері табылмады», - делінген ҰҚМК таратқан мәлімдемеде.

Бұдан бөлек, Қырғызстан арнайы қызметінің мәліметінше, «Бабановпен өз еркімен мемлекеттік бюджетке 100 миллион сом қаржы құюға» байланысты келісім жасалған.

Бұған дейін Өмірбек Бабанов өзінің үстінен қозғалған қылмыстық істің «саяси астары бар» екенін айтқан. Онда ол:

«Бұл өзінің қарсыластарын қудалау аясында жасалған саяси іс. Барлығы оның (Сооронбай Жээнбековтің – ред) өз билігін қалай аяқтағанын көрді. Құдай қаласы, барлығы заң аясында шешіледі деп үміттенемін. Сайлаудан кейін барлығы өз орнына келеді деп сенемін. Қандай жағдай болмасын, әділдік үстімдік құрады», - деген.  

Өмірбек Бабанов қаңтардың 10-ы күні өткен президент сайлауы қарсаңында Қырғызстанның қазіргі президенті Садыр Жапаровты қолдап, өзі сайлауға қатысудан бас тартқан.

Өмірбек Бабанов 2017 жылы президент сайлауы қарсаңында  Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, оның арты мемлекетаралық дауға ұласқан. Оны Қырғызстанның сол уақыттағы президенті Алмазбек Атамбаев қатаң сынға алып, Қазақстан билігін "Қырғызстанның ішкі ісіне араласып жатыр" деп айыптаған.

2020 жылдың 4 қазанында Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, оппозиция оны әділетсіз деп таныған. Кейіннен елде халықтық толқулар болып, президент Сооронбай Жээнбеков қызметінен кеткен. Мемлекет басшысының міндетін атқару премьер-министр Сабыр Жапаровқа жүктелген. Ол халықтық толқударға дейін 11 жылға сотталып, қамауда болған.

Садыр Жапаров 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен президент сайлауында жеңіске жетіп, 28 қаңтарда ресми қызметіне кіріскен. Алғашқы ресми сапарын Ресей мен Қазақстаннан бастаған.

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент