Ресей: Біз соғысты тоқтатуға келіспейміз!
Фото: zn.ua
Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Василий Небензя дүйсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Украина бойынша отырысында Ресейдің соғысты тоқтату ұсыныстарымен келіспейтінін және егер Украина Путин қойған шарттарға келіспесе, соғыс жалғаса беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС.
«Конфликтіні тоқтату схемалары Ресейді қанағаттандырмайды. Біз... бұл «жаттығудың» мақсатын жақсы түсінеміз – Киев режиміне қажетті тыныс алуына, олардың қайта қаруланып және «жараларын жазуына» орай туғызу. НАТО-ның Украина дағдарысын реттеудегі рөлі туралы сөз болуы мүмкін емес – Украинаның Альянстың мүшелігіне өту жайлы перспектива дағдарыстың басынан бастап мәселенің бір бөлігі болды, шешімнің бір бөлігі емес», – деп келтіреді Небензяның сөздерін оның орынбасары Дмитрий Полянский өзінің телеграм-арнасында.Содан кейін Небензя Мәскеудің пікірінше, келіссөздерді бастау үшін қажетті шарттарды атаған, Полянскийдің арнасында шарттардың орнына Владимир Путиннің маусымдағы сөйлеген сөзінің стенограммасына сілтеме берілген, онда ол Мәскеу келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтқан, бірақ Украина «ДХР мен ЛХР-ден, Запорожье мен Херсон облыстарынан өз әскерін толық шығарады» деген жағдайда ғана соғыс тоқтауы мүмкін. Ресей бұған дейін басып алған немесе әлі толық басып алмаса да, халықаралық құқықты елемей, өз территориясы деп жариялаған аумақтан Украина әскерін толық шығаруы керек.