Ресей сенаторы: «АҚШ Ресейден Қазақстанды тартып алмақ»

Malim Админ

  • 01.02.2021

Ресейлік сенатор Алексей Пушков «АҚШ Ресейден Қазақстанды тартып алмақ» деп мәлімдеді.

Федерация Кеңесінің ақпараттық саясат және БАҚ-пен байланыс комиссиясының төрағасы, сенатор Алексей Пушков «Кешкі Мәскеу» басылымына берген сұхбатында АҚШ президенті Джо Байден Америка күшін Ресейден пост кеңестік елдерді, оның ішінде Қазақстанды тартып алуға жұмсайтынын айтты.

Пушков журналистің «Украинадағы майдан, Молдовадағы биліктің ауысуы, Грузиядағы батысшыл режим және Беларусьтегі наразылықтарға қарап, сізге Ресей пост кеңестік аймақтан айырылып жатар деген ой келмей ме?», - деген сұрағына:

«Пост кеңестік аймақта бәсекелестік артуда. Егер Тармп оған аса қызығушылық танытпаса, Байден әкімшілігі керсінше, Америка күшін пост кеңестік республикаларды Ресейден тартып алуға жұмсайды. Бұл жерде әңгіме Беларусь, Өзбекстан, Армения және Қазақстан жөнінде айтылуда. Олар АҚШ-тың бақылауында болады», - деп жауап берді.

Оқи отырыңыз: Ресей депутаты: «Егер сыйлық деп қабылдамасаңдар, қайтарыңдар»

Соңғы уақыттары Ресей саясаткерлері ТМД елдері мен Қазақстанға қатысты осыған ұқсас мәлімдемелерді жиі жасауда. Бұған дейін Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттары Вячеслав Никонов пен Евгений Федоров «Қазақстан жері Ресей мен Кеңес одағы берген сый», - деп мәлімдеген. Кейіннен бұл Қазақстанда қызу талқыланып, ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейге қарсылық нотасын жолдаған.

Оқи отырыңыз: Досым Сәтпаев: Никонов пен Федоров Путиннің ойын жеткізіп тұр

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті