Ресей VPN қолданушыларды аңдуы мүмкін

Malim Админ

  • 19.12.2024

Роскомнадзор интернетті пайдаланушылардың байланыс құралдарын және құрылғыларын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпаратты байланыс операторларынан алу тәртібі бекітілген жаңа жарлық жобасын дайындады. Құжат федералды құқықтық актілер порталында жарияланған. Бұл туралы «Америка дауысы» жазды.

Егер бұл жарлық күшіне енсе, Роскомнадзор байланыс операторларынан  Ресейде тыйым салынған контентті көру үшін VPN қолданатын нақты телефондар мен компьютерлер туралы мәліметтер алады.

Роскомнадзор бұл шаралардың мақсатты түрде пайдаланушылардың жеке құрылғылары туралы деректер жинау емес екенін және ведомство ұсынған шаралар тек "DDoS-атакаларға қарсы сүзгі ережелерін жаңарту үшін" қабылданатынын мәлімдеді.

Алайда, Sota басылымы жарлық жобасының мәтінінде байланыс құралдары мен пайдаланушы құрылғыларын сәйкестендіру туралы нақты айтылғанына назар аударды.

Ресейдің Украинаға қарсы кең ауқымды басқыншылығы басталғаннан бері бұл елде бір миллионнан астам веб-сайтқа тосқауыл қойылды, оның ішінде Facebook, Instagram және Twitter (қазіргі X), сондай-ақ тәуелсіз БАҚ сайттары, соның ішінде «Азаттық радиосы» да бар. Ресейліктер бұл тосқауылдарды айналып өту үшін VPN қызметтерін пайдаланады. Соғыс басталғаннан кейін осы қызметтерге сұраныс күрт артты, бірақ билік оларды да бұғаттауда.

Қазан айында Ресей билігі алдағы үш жылда Рунетті оқшаулау үшін 95 миллиард рубль жұмсайтыны белгілі болды, соның 60 миллиард рублі VPN қызметтеріне қарсы күресуге жұмсалмақ.

 

Байланысты жаналықтар

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Кремль Украинадағы соғысты тоқтату туралы талаптарды "ультиматум" деп атады

12.05.2025

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

12.05.2025

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

11.05.2025

Ердоған Путиннің ұсынысын қолдады

11.05.2025
MalimBlocks
Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

Кремль Украинадағы соғысты тоқтату туралы талаптарды "ультиматум" деп атады

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

Ердоған Путиннің ұсынысын қолдады