Ресейден кеткен актриса:  «Үнсіз қалу – өз болмысыңды тұншықтыру» 

Өзімді саяси босқын санаймын

Олжас Қасым

  • 11.08.2022

Ресейлік театр және кино актрисасы,  «Өмір сыйла» қорының негізін қалаушы және халық әртісі Чулпан Хаматова  басқыншылыққа  байланысты Ресейден кеткен. Ол қазір  Латвияда тұрады.  Журналист Екатерина Гордеева жақында Хаматовадан сұхбат алды. Актриса  Ресейге «ар-ожданын жоғалтпау үшін» және «түрмеге отырмау үшін» қайтпайтынын айтты.


Айта кетейік, Хаматова ресейлік мәдениет қайраткерлері  Олег Басилашвили,  Алиса Фрейндлих, Дмитрий Крымов, Игорь Костолевскийлермен бірге  билікке Украинадағы операцияны тоқтатуды талап етіп хат  жазған. Онда олар ұрыс қимылдарын тоқтатуға және бейбіт келіссөздерді бастауға шақырды.  Бұдан кейін Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин Украинадағы әскери операцияны сынауды «сатқындық» деп айыптады.

Хаматова Отаннан жырақта өмір сүру қиын екенін жасырмайды. Өнер қайраткері жаңа жағдайларға үйренісіп жатыр. Ол 2022 жылдың сәуірінен бастап Жаңа Рига театрының актрисасы.  15 маусымда Жаңа Рига театрында Чулпан Хаматованың премьерасы өтті. Актриса бір спектакльде бес рөлді сомдады. Ол діни қызметкерге, зорлаушыға, мұғалімге, қызға және авторға айналып, театр сахнасынан үн қатты.

Ұлттар театрындағы «Горбачев» пьесасы ол кеткеннен кейін репертуардан алынып тасталды. Ол көптеген жыл  қызмет еткен "Современник" театрынан да кетті. Оның еншісіндегі рөлдері  басқа актрисаларға таратып берілді.

Назарларыңызға Чулпан Хаматованың Латвия телеарнасына берген сұхбатындағы өзекті ойларын ұсынып отырмыз. Онда ол Ресейден кету себебі,  саяси мәртебесі, Ресейдің соғыс қадамдарына деген көзқарасын білдіреді.  

«Менің басқа амалым болған жоқ. Бұдан әрі бұлай өмір сүре алмас едім. Бұл талқылауды қажет етпейтін мәселе. Айналаңда болып жатқан жағдайларды көре тұра, ештеңе болмаған кейіп жасап жүре беру мүмкін емес. Басқалар сияқты жұмысымды жалғастырып қала  алмайтын едім».

Балалар мектепке барды, әрі қарай өмір сүруге күшім жететін сияқты. Мен таксист болуға, тамақ жеткізумен айналысуға дайын едім. Тағы да сахнаға шыға аламын деп ойламадым. Өзім үшін бұл күтпеген оқиға болды».   

«Әрине, бұл Ресейдегі әйгілі,  гонорары ең көп актрисаның бірі ретінде мен үйренген нәрсе емес. Бірақ қорқынышты ештеңе жоқ! Өмірдің жаңа кезеңі басталды, бұл керемет!». 

 «Отаныма барар жол жабық екенін іштей сезінгендіктен мен өзімді саяси босқын санаймын.  Бірақ,  бұл сөздің заңды түрде қандай мағына беретінін білмеймін. Егер бұл қадамға бармағанда өте ауыр репрессияға душар болар едім. Оған кейбір әріптестерімнің жағдайларына байланысты көзім жетіп отыр.  Театр алаңына «Z» әріпін таңбалаудан бас тартқандардың соққыға жығылуы сынды бассыздықтарды  24 ақпанға дейін елестете алмаған едік.   Мен мұны «үн қатушыларға»  билік тарапынан жасалған  әрекетке жатқызар едім. Сонымен қатар,  «үнсіз қалушылар» да жетіп артылады.  Үнсіз қалу – өз болмысыңды тұншықтыру, ар-ожданыңа балта шабу. Мен бұл екі ұстанымның қайсысы қатерлі екенін білмеймін. Мен үнсіз қалушылардың қатарында қала алмадым».

«Енді мені  «Ресейдің халық әртісі» атағынан айыруы  мүмкін екенін айтып жатыр. Шынымды айтсам, мен «халық әртісі» деген атаққа ешқашан мән берген емеспін. Бұл қандай да бір ақымақтық, кеңестік жәдігер. Егер алар болса, беруге әзірмін. Ол медальдің не беретінін де, тіпті қайда қалғанын білмеймін. Мені көбі «Ресейдің халық әртісі» деп таныстырғанды ұнататын, бірақ олай деп атауға тыйым саламын. Мен үшін мамандықтың мәні атақта емес».

«Ал мемлекеттік сыйлыққа келсек, бір мәрте марапат беруге шақырғанда бармай, оны алмадым. Кейіннен сыйлықты қатерлі дертке шалдыққан балаларға көмектесу үшін алдым және ол қаржыны бірден, қайырымдылық қорына аудардым. Одан кейін мені тағы да мемлекеттік сыйлыққа ұсынғанда, бас тарттым.  Тек сыйлық емес, жоғары мемлекеттік қызметтерге шақырғанда да биліктің қуыршағына айналарымды түйсігіммен сезіп, келісуді құп көмедім».    

«21 ғасырда Ресей әскерінің Украинаға басып кіруін тіпті елестетудің өзі ақылға сыймайды.  Адамдар шындықты білгісі келмейді. Көздерін ашуға да ниеті жоқ. Және олар елде саяси бетбұрыс орын алып немесе ақиқатпен бетпе – бет келмейінше шындықты білмейтін болады». 

Неліктен ол бұрын билікпен жұмыс істеді деген сұраққа, атап айтқанда. Владимир Путиннің сайлауалды науқанына қатысқан актриса ол өзінің "Өмір бер" қайырымдылық қорының мүддесі үшін әрекет еткенін, сонымен қатар ол мұны Қырым мен Донбассқа қатысты барлық оқиғалардан бұрын жасағанын айтты.

«Мен соғысқа қарсымын. Бүгінгі күні Украинада орын алған әр өлім - адамзатқа қарсы жасалған қылмыс.Сондықтан да елден кеттім. Егер менің көкейімде қандай ой жатқанын білгілеріңіз келсе Анна Ахматованың «Реквиемін» оқыңыздар».

 

 

 

Байланысты жаналықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

26.04.2024

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024
MalimBlocks
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

Іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.

Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.