Сара Назарбаева тегін ауыстырып алыпты

Бұл оның Назарбаевпен некеге тұрғанға дейінгі тегі

Malim Админ

  • 17.04.2023

Бұқаралық ақпарат құралдарында  Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қызы – Анадель Майданованың өзінің сыныптасы - тұңғыш Президент Назарбаевтың болжамды ұлы Тауман Нұрсұлтанға тұрмысқа шыққаны талқыланып жатыр. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, Алмасадам Сәтқалиевтің Назарбаевпен  ешқандай туыстық байланысы жоқтығын хабарлады.  

Ал Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаеваның некесін  бұзу туралы ресми хабарламалар жарияланған жоқ.  Ресми сайттарда Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен экс-Президент сайтында Сара Алпысқызы оның әлі де  зайыбы екендігі туралы ақпарат бар.

Сара Алпысқызы кейінгі уақытта ел назарына шыққан жоқ.   Оның «өзін-өзі тану» пәнін   Білім министрлігі былтыр міндетті мектеп бағдарламасынан алып тастаған. Бұған қоса, ол әйелдер мен отбасылық-демографиялық істер комиссиясынан шығарылған.

Ашық деректерге жататын бірқатар қаржылық құжатта, экс-президенттің әйелі  «Қонақай Сара Алпысқызы» деп жазылған. Бұл оның 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен некеге тұрғанға дейінгі тегі.

«Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы 2018 жылдың 15 сәуірінен бастап желідегі парақшаларын жаңартпаған.  82 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Алпысқызының ортақ  үш баласы бар. Олар: 59 жастағы Дариға, 55 жастағы Динара және  43 жастағы Әлия Назарбаевалар.

Байланысты жаналықтар

Назарбаев режимінде қудалауға ұшырағандар қашан ақталады?

26.02.2024
MalimBlocks
Назарбаев режимінде қудалауға ұшырағандар қашан ақталады?

Ербол Назарбаевтың тікелей қатысуымен болған бірнеше іс бар.