Саясаттанушы:  «Әкімдер партияның дербес болуына мүмкіндік берсін» 

Қай кезде де халықтың арасынан табылуға тиіс

Malim Админ

  • 22.08.2022

 Қазіргі уақытта еліміздегі партиялар жоғары билікке бұқараның мақсат-мүддесін білдіріп қана қоймай, мемлекет пен қоғамға дәнекер күш болуға тиіс. Олар ел азаматтарын мемлекеттік шешімдерді қабылдауға тарта отырып, саяси мәдениет деңгейін көтеруі қажет. Жаңа кезеңдегі Қазақстанның жүйелі дамуы көппартиялық модельге тікелей қатысты.  


Бүгінгі таңда Қазақстанда ресми түрде тіркелген 6 партия бар.  2019 жылдан бері саяси партияны тіркеу бағытында 14 өтініш түскен. Әділет министрлігінің дерегінше, олардың тек төртеуіне хабарлама берілді. «Оның екеуі хабарлама алса да, ары қарай ешқандай ұйымдастыру жұмысын жүргізбеген.  Сөйтіп олардың хабарлама мерзімі өтіп кеткен. Қазіргі кезде тек 2 партия хабарлама алып, ұйымдастыру жұмысына көшкен» дейді министр Қанат Мусин. 

Қазір елімізде ұйымдастыру ісін екі партия жүргізіп жатыр. Олардың қатарында «Намыс» және «Халық дербестігі» бар. Жақында Сырымбек Тау, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков сынды кәсіпкерлер «Respublica» атты партия құруға шешім қабылдағанын  жеткізді.  «Әуелі өзіңді түзе, артынан төріңді түзе, бірлікпен еліңді түзе» деген қазақта жақсы сөз бар. Осындай, қиын-қыстау кезеңде елге еңбек етуге бел будық. Сондықтан, «Respublica» атты партия құрып, ары қарай жастарымызбен бірге дамимыз деген ойдамыз», деп мәлімдеді қоғам белсендісі Сырымбек Тау. 

Саясаттанушы Асылбек Баяжұма партиялар  сайлау жақындағанда ғана құрылып, науқаннан соң ғайып болмауы керек дейді. Олар қай кезде де халықтың арасынан табылуға тиіс.    

«30 жылдан бергі Қазақстанның басты тәжірибесінің бірі – сайлау жақындағанда түрлі партиялар құрыла бастайды. Өкінішке қарай, сайлау өткен соң ол партиялардың аты да заты да жоқ болады. Жаңа Қазақстан құрып жатқандықтан, бізге америкалық үлгіге көшу керек. Онда конгресмендер мен республикалық екі-ақ партия бар. Кішігірім мемлекеттен Моңғолияны мысалға келтіре аламыз.  Ол елде коммунистік партия мен демократиялық партия әр 4 жыл сайын ауысып отырады.  Толық билік жүйесі, Президент, Үкімет тіпті ауыл әкіміне дейін жаңарады. Демократия деген – сол».

Президент  Тоқаев партияларды тіркеу рәсімін жеңілдетуді ұсынғандықтан, алдағы уақытта партиялар саны арта түсетіні белгілі.  Партия құрамыз деп жатқан жаңа буынның  талаптарын қолдауға болады.   Саясаттанушы Асылбек Баяжұманың айтуынша, бұл ретте ескеретін жайттар аз емес.  «Бірақ, олар бұған дейін  халықтың күрмеулі мәселелерін шешуге араласты ма, ертеңгі күні де қордаланған проблемаларды оңтайландыруға қауқары бар ма, сол жағын қарау керек. Тек сайлау арқылы ғана парламентке өтіп алуды көздеген партиялар бар. «Ақ жол, Қазақстан», «Ауыл»  партиялары   көптен бері саяси билікте жүр. Олар осыдан бір-екі жыл бұрынғы партия сайлауына белсенді қатысты. Ауыл-аудандарды аралап, халықпен жүздесіп, уәде берді. Ал шын мәнінде саяси бағдарламаларындағы бірде бір міндетті дұрыс орындаған жоқ», дейді ол.    

Қоғам белсендісінің жаңа партия құруға үмітті азаматтарға да ескерту айтты.  «Президент Жолдауынан кейін келесі жылғы Парламент сайлауына дайындық ретінде «Respublica» деген партия құрылып жатыр. Ол тек кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын партия болса, бір ғана топқа жұмыс істеуі мүмкін. 19 млн халықтың бәрі де кәсіпкер емес. Яғни солардың арасынан 3-4 адам парламентке өтеді. Халық арасынан мемлекетшіл, ұлтшыл, ел болашағын ойлайтын партия құрамын деген азаматтар шыққан жоқ», деп пікір білдіреді.   

Мемлекет басшысы биыл Amanat партиясының төрағалығынан бас тартты. Бұл әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарында қосымша лауазым иеленуіне заң жүзінде тыйым салынады деген сөз.  Яғни мықты мемлекет құру жолында Amanat партиясы басқа партиялармен тең құқықты болуға тиіс. Ол үшін барлық мемлекеттік қызметкерлер, облыс, қала, аудан әкімдері бұл партиядан шығуы керек.  Партияның  өз алдына дербес,  елдің сеніміне ие болып жұмыс істеуіне мүмкіндік берілуі керек. 

Байланысты жаналықтар

Қай облыстың әкімі үздік? Аймақ басшыларының рейтингі

24.10.2024

Азат Перуашев орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

11.09.2024

«Ұятсыз ұсыныстар жасады». Перуашев депутат Асқар Садықовтың партиядан шығарылу себебін айтты

04.09.2024

6 айда мыңға жуық адам жолда қаза тапқан: Үкімет басшысы бірқатар өңір әкімдерін сынға алды

30.07.2024

KPI енгізіледі: Бектенов әкімдердің жұмысын қалай бағалайтынын айтты

29.07.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге ескерту жасады

23.07.2024
MalimBlocks
Қай облыстың әкімі үздік? Аймақ басшыларының рейтингі

Абай облысының әкімі осы жолы да рейтингте көш бастап тұр

Азат Перуашев орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Бұған дейін партия төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев пен генерал-майор Константин Воронкиннің ұсталғаны туралы ақпарат тарады

«Ұятсыз ұсыныстар жасады». Перуашев депутат Асқар Садықовтың партиядан шығарылу себебін айтты

Жәбірленуші барлық ұсынысты жауапсыз қалдырған

6 айда мыңға жуық адам жолда қаза тапқан: Үкімет басшысы бірқатар өңір әкімдерін сынға алды

Бектенов елімізде жол апаттарының саны азаймай отырғанын айта келе, еліміздегі өлім-жітімге мысал келтірді.

KPI енгізіледі: Бектенов әкімдердің жұмысын қалай бағалайтынын айтты

Үкімет басшысы өңір әкімдеріне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп әр отбасымен жеке жұмыс жүргізуді әрі «дағдарыс» және «шұғыл» санаттардағы отбасыларды қамтамасыз етуді тапсырды.

Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге ескерту жасады

Соның ішінде 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерген.