"Миротворец" сайтында Украинаға қарсы қылмыс жасаған адамдар туралы ақпарат жарияланады. Бүгін осы тізімге "қылмыскер" ретінде ҰҚШҰ төрағасы Иманғали Тасмағамбетовтің есімі қосылды., деп хабарлайды Malim.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
"ҰҚШҰ Бас хатшысы ретінде Ресей әскеріне көмек көрсету үшін ұйымның әскерін жіберуге дайын болды. Украина аумағына "Орешник" зымырандарымен жасалған соққыларды ақтады. Ол Выборг кеме жасау зауытының акционері және КамАЗ директорлар кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ ол Батыстың Киевке қару-жарақ жеткізуін сынады", – делінген сайттағы ақпаратта.
Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың қаңтарынан бері ҰҚШҰ (ОДКБ) ұйымының төрағасы қызметін атқарып келеді.