«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, кең антициклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде боран, сондай-ақ көктайғақ болжанып отыр.
Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Күндізгі ауа температурасының негізгі фоны:
- батыс өңірлерде: +5…+13°С,
- оңтүстікте: +12…+20°С,
- оңтүстік-батыста: температура +10…+20°С-тан +7…+16°С-қа дейін төмендейді,
- солтүстік-батыста: +3…+15°С-тан -3…+10°С аралығына дейін төмендейді,
- солтүстікте: +3…+8°С-тан −3…+5°С аралығына дейін төмендейді.
Орталық өңірде: ауа температурасы +1…+7°С-тан +5…+10°С-қа дейін жоғарылауы күтіледі.
- шығыста: −10…+5°С-тан +1…+12°С аралығына дейін жылы болады.
- оңтүстік-шығыста: температура +8…+16°С,
- таулы аймақтарда: -2…+8°С-тан +11…+19°С, кей жерлерде +2…+7°С болады.