АҚШ президенті Дональд Трамп Air Force One бортында журналистерге берген сұхбатында өз сөзін бұрмалап монтаждағаны үшін BBC медиакомпаниясына қарсы сотқа шағым түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, талап арыздың сомасы 1–5 млрд доллар аралығында болуы мүмкін.
Трамптың адвокаттары бұған дейін де компанияны 1 млрд долларлық талап қоюмен қорқытқан еді.
Дауға себеп болған деректі фильм — “Трамп: второй шанс?”, ол АҚШ-тағы 2024 жылғы президенттік сайлау қарсаңында эфирге шыққан. BBC фильмі 2021 жылдың 6 қаңтарында айтылған Трамптың үш бөлек сөзін біріктіріп монтаждаған. Бұл көрерменге сол күнгі Капитолийге шабуыл кезінде Трамп өз жақтастарын зорлыққа үндегендей әсер қалдырған.
Ақ үй BBC-ді жалған ақпарат таратуға айыптады. Медиакомпания Трамптан кешірім сұрағанымен, өтемақы төлеуден бас тартты, мұндай айыптауларға негіз жоқ екенін айтып. Дау-дамайдың өршуі нәтижесінде BBC бас директоры Тим Дэйви мен жаңалықтар қызметінің жетекшісі Дебора Тернесс отставкаға кетті.