"Саяси тұтқын" Әбішев бостандыққа шықты

Malim Админ

  • 30.07.2021

Шілденің 30-ы күні Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/14 түзету мекемесінен саяси тұтқын Әсет Әбішев бостандыққа шықты. Оның журналистер мен бір топ жақтасы күтіп алған.

Әсет Әбішев түрмеден шыға салып, режиссер Болат Атабаевтың жаназасына үлгеру үшін асығыс көлікке мініп кетті. Ол түрме алдында қысқа ғана сөз сөйлеп, жиналғандарға алғыс білдіріп, олардың қолдауы қамауда өзіне демеу болғанын айтты.

«Сіздердің жиналғандарыңыз өте маңызды. Бұндай ұйымшылдық қатты көмектеседі. Мен бұны өз басымнен өткердім. Адамдардың бірігіп, бір нәрсе жасағаны демеу болады. Әсіресе мынандай жерде қатты көмектеседі. Бүгін осы жерде тұруым сіздердің еңбектеріңіз. Бұл қатты ықпал етеді және олар азаматтық қоғамнан қатты қорқады», - деді Әбішев.

Осыдан екі апта бұрын Алматы облысы Қапшағай қаласының соты Әсет Әбішевтің мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған. Оны қолдайтын топ кеше түрме алдына жиналған. Бірақ түрме әкімшілігі Әбішевтің 30 тамызда шығатынын айтқа.

Әсет Әбішев 2018 жылы «тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысты», «қылмыстық ұйымды қаржыландырды» деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Құқық қорғаушылар оны «саяси тұтқын» деп таныған.

 

 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

29.04.2025

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады

07.04.2025
MalimBlocks
Алматы облысында жер сілкінді

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

Оқиғаны видеоға түсірген жасөспірімнің де заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Алматы облысында қамауда отырған жігіттер аштыққа шыдамай өздерін тілгілеп тастады