Шөкеев Керуен сарайдың "пенопласт қабырғасы" туралы жазған блогерді сынады

Malim Админ

  • 19.06.2021

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев желіде бірнеше күннен бері талқыланып жатқан Түркістандағы Керуен сарай қабырғасы "пенопластан жасалған" деген ақпаратқа түсініктеме берді. Облыс әкімі желіде мұндай ақпаратты таратқан блогер құрылысын саласын түсінбей, хайп қуып кетті деп есептейді.

"Кейбір блогерлер кішкентай бала сияқты, бірдеңені көреді де, сол мезетте әлеуметтік желіде жайып жібереді. Бірақ олар шын мәнінде сол арқылы өздерінің біліксіз екенін көрсетеді. 1 шақырымға созылып жатқан Керуен сарайға күнде барып жүрдім, ол темірбетон мен арматурадан салынған. Сейсмикалық қауіп аз болғанына қарамастан, оған төзімді, шыдас беретіндей етіп салынған. Қабырғада түрлі материалдар, әрлейтін материалдар қолданылатыны түсінікті. Ол сондай материалды көрді де, бүкіл Керуен сарай пенопластан жасалған деп топшылады. Егер ол құрылысты түсінсе, олай жазбас еді", - деді Ө.Шөкеев бүгін өткен онлайн брифингіде.

Шөкеев Керуен сарайды салған Sembol  компаниясы қаласа блогерді жауапқа тарта алатынын айтты.

"Sembol беделін алдыңғы орынға қоятын әлемдік компания. Әрине, мұны өзім қаламаймын, бірақ беделге нұқсан келтіргені үшін компания жауапқа тартуды талап ете алады", - деді ол.

Шөкеев бүгінде пенопласт құрылыста жиі қолданылатынын жеткізді.

"Шын мәнінде пенопласт қабырға материалы ретінде құрылыста қолданылады. Шымкент пен Түркістанда салынып жатқан үйлерде пайдаланылып жатыр. Ол арзан және тиімді. Қазір бәрі пластмассадан жасалады. Қалам, үстел, микрофон, IPhone корпусы пластмассадан жасалады. Меніңше, жоқ жерден хайп шықты. Жауапкершілік деген болуы керек қой. Өйткені біз турист тартуға тырысып жатырмыз, шетелдік инвестор несие алып, ақша салды", - деді облыс әкімі.

 

87 миллиард теңгеге салынған Керуен сарайдың қабырғасы пенопластан жасалғанын блогер Шыңғыс Лепсібаев Facebook-тегі парақшасында 17 маусым күні хабарлаған.

Кейін Керуен сарай кешенінің баспасөз қызметі бұған түсініктеме беріп, сарайдың сыртқы қабырғасында "жаңа технологиялар" қолданылғанын жеткізді.

"Керуен сарай кешінінің жобасын мемлекеттік сараптама мақұлдады, барлық ғимарат арматура мен газоблоктан тұрғызылды, сыртқы жағында жаңа технологиялар мен қосымша жылыту және әрлеу материалдары қолданылды", - делінген Керуен сарай баспасөз қызметінің түсініктемесінде.

Байланысты жаналықтар

Самовыдвиженцы "Аманата" победили на выборах

20.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты

20.03.2023

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

20.03.2023

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

20.03.2023

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

20.03.2023

Exit poll нәтижесі шықты.  Қай партия басым түсті?

20.03.2023
MalimBlocks
Самовыдвиженцы "Аманата" победили на выборах

Центральная избирательная комиссия представила предварительные итоги выборов в мажилис по партийным спискам и одномандатным округам.

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты

Көп дауыс алған кімдер?

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

Науқан барысында әкімшілік кедергілерге де тап болды

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

Республика бойынша 25 қала мен елді-мекенді қамтылды.

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

Протоколдардың жартысы біздің қолымызға тимейді

Exit poll нәтижесі шықты.  Қай партия басым түсті?