Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тағайындалды

Бұған дейін агенттік төрағасының орынбасары болған

Malim Админ

  • 05.04.2023

Президент Жарлығымен Асхат Жұмағали   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне  тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды деп хабарлайды Ақорда.

Асхат Жұмағалиұлы 1979 жылы 19 тамызда Қостанай облысының Арқалық қаласында туған.

2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген.

II дәрежелі «Айбын» орденімен, мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.

2001-2010 жылдары – прокуратура органдарында түрлі лауазымдарды, атап айтқанда Астана қаласы прокуратурасының бас маманы, ҚР Бас прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі, тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті бастығының бірінші орынбасары, тергеу департаментінің бастығы;

2014-2016 жылдары – ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі;

2016-2018 жылдары – ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясы ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры;

2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының орынбасары;

2019 жылдың қаңтар-шілде айлары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы;

2019-2021 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы;

2021-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы.

2022 жылы 7 наурыздан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары. 

Байланысты жаналықтар

Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

14.07.2023

Мұғалімге ескерту.34 мың теңгеден артық алма, 7 млн айыппұл!

18.05.2023

Мәсімов 428 мың теңге айыппұлмен құтылып кете ме?    

10.02.2023

Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары қамауға алынды 

24.01.2023

Бауыржан Байбектің кадрын антикор ұстады

23.01.2023

Ақмолалық ХҚКО-лар мүгедектерден заңсыз баж салығын алған

16.08.2022
MalimBlocks
Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

Қазақстанда 2022 жылы 1,7 мың сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 725 адам сотталған.

Мұғалімге ескерту.34 мың теңгеден артық алма, 7 млн айыппұл!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқушы, ата-анадан сыйлыққа ақша жинататын мұғалімдерді жауапкершілікке шақырып, ескерту жариялады

Мәсімов 428 мың теңге айыппұлмен құтылып кете ме?    

Қызметтік жылқыға жем сатып алуға 60,9 млн теңге бөлген

Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары қамауға алынды 

221 миллион теңге жымқырған

Бауыржан Байбектің кадрын антикор ұстады

Оның жеткізушіден 16 млн теңге алғаны туралы айтылған

Ақмолалық ХҚКО-лар мүгедектерден заңсыз баж салығын алған

Жеке куәліктер мен  паспорттар бергені үшін негізсіз салық салған