Шымкент қыруар инвестиция алмақ

Malim Админ

  • 19.04.2021

Қытай Шымкент қаласына зауыт-фабрика салуға 155 миллиард теңге инвестиция құймақшы.

Қалалық әкімдік мәліметінше, 155 миллиард теңге қаржы химия, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, білім, құрылыс және агроөнеркәсіп салалары бойынша 46 комплекске салынады деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, биыл Шымкентте жалпы құны 18,2 млрд теңге металлургия зауыты іске қосылды. Ол да Қытай инвестициясына салынған. Тағы бір қытайлық компания ферросиликомарганец өндіруге көмектеспек. Жоба құны 2,9 миллиард теңге.

Бұған дейін, сауда және индустрия министрлігі 2023 жылы Қазақстанда Қытай 24,5 миллиард доллар қаржысына салынатын 56 кәсіпорынның құрылысы аяқталатынын мәлімдеген.

«2005 – 2020 жылдар кезеңінде Қытай инвестицияларының жалпы көлемі $19,2 млрд асты. Сонымен қатар Қытайға тікелей инвестициялардың жылыстауы $ 667,2 млн құрады. Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында $ 24,5 млрд – қа 56 заманауи кәсіпорын салу жоспарлануда, бұл нысандардың басым бөлігі 2023 жылға қарай аяқталады деп күтілуде», - делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.

 

Байланысты жаналықтар

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды