Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға Қатар Әмірі келді

Саясат
ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға Қатар Әмірі келді

Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елордадағы әуежайда Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қатар мемлекеті ШЫҰ диалогы бойынша әріптес мәртебесіне ие. Тиісті меморандумға 2022 жылы Ташкентте қол қойылды.

Былтыр Қазақстан мен Қатар дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толды. Қатар – Қазақстанның Араб әлеміндегі маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 50%-ға өсті. Жоғары деңгейде қойылған міндетке сәйкес екі мемлекеттің үкіметтері өзара сауда көлемін  $500 млн-ға дейін ұлғайту бағытында жұмыс істеуде.

Фото: Үкімет

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу