Таксистен блогерге дейін: мобильді ақша аударымдарын қалай бақылайды?

Блогерлер кәсіпкер ретінде тіркелмесе тиісті шара қабылданады

Олжас Қасым

  • 22.04.2022

Елімізде жеке тұлғалардың банк шоттары арасындағы мобильді ақша аударымдарына бақылау күшейтілді. Яғни соңғы үш айда 100 адамнан есепшотыңызға қаржы түссе, сіз табыс тауып отырған кәсіпкер саналасыз. Осылайша тапқан-таянғаныңыздың белгілі бір бөлігін мемлекет қазынасына салық ретінде төлеуіңіз қажет. 


Елордада такси болып қызмет атқаратын Мәди Жақсылықов бұл өзгерісті қуана қабылдамапты. Карантиндік шектеулерге байланысты табысынан айрылған ол осы қызметпен нәпақа тауып жүргенін айтады. 
«Айына 140 мың теңге табамын. Бұл қаражат ештеңеге де жетпейді. Оның белгілі бір пайызын салыққа төлейтін болсам, бала-шағамды мемлекет асырай ма?» деп күйініп отыр ол.  

Қаржыгер Бауыржан Ысқақов бұл реформаның ар жағында шағын және орта бизнестегі жиі кездесетін көлеңкелі экономика мәселесі тұр дейді. Себебі, азаматтар  ешқандай кассалық аппаратсыз, чексіз, құжатсыз төлем жасатып, табыс тауып жүр.  Осындай  ақша аударымдарының әсерінен біздің республикалық, жергілікті бюджетке қаражат өте аз түсіп жатыр. Реформаның  қабылдануы  осы себептерге байланысты. 

Алайда, қаржыгер мәселенің екінші жағы бар екенін ұмытпауға тиіс екенімізді ескертеді. «Мәселен, біреулер мектепте, ата-аналар комитетінде кәсіпкерлік мақсатта емес ақша жинайтын жағдайлар көп. Сол кезде аталмыш мәселе қалай шешіледі, ол адамдар да салық төлей ме? Егер соңғы үш айда 100 түрлі адамнан ақша аударымдары жасалатын болса салық комитетіне банктің мәліметіне сәйкес ақпарат берілуі керек. Бірақ, азамат жағдайды баяндап  түсініктеме жазып, сол арқылы кәсіпкерлік мақсатты қаржы жинамайтынын дәлелдегені жөн», дейді.    

Қайырымдылық мақсатпен жасалған мобильді ақша аударымдарына байланысты алаңдауға негіз жоқ дейді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Олжас Отар. Алайда, бұл тұста ескеретін жайттар бар.  Қайырымдылық мақсаттағы аударымдар арнайы шоттар арқылы жүзеге асуы  керек. Егер қайырымдылық қор ақша жинап жатқан болса заңды тұлғаның атына шот ашылуы тиіс. Ақша сонда түсуі керек», - деп түсіндіреді салық саласының маманы.  

Қазір қиындыққа ұшыраған  ата-аналар интернет арқылы  баласының еміне ақша жинайтын жағдайлар аз емес. Сондай-ақ,  табиғи апат себебінен үйсіз қалған адамдар да кездесіп жатыр. Мұндай кезде не істеу керек?  

Кірістер комитетінің өкілі жеке тұлға ашқан банк шотына қайырымдылық аударымдар қабылдаған болса, тексеруге жататын өлшем шартқа енгізілуі ықтимал. Бірақ тексеріс кезінде банк өкілдеріне не кейін салық органдарына жағдайды  түсіндіріп, өз әрекетінің кәсіпкерлік қызметтен табыс табу емес екенін дәлелдеуіне мүмкіндік бар дейді.  

Түсінгеніміздей, науқастардың еміне қаражат жиналған болса, медициналық құжаттары көрсетілуі қажет. Ал апат себебінен үйсіз  қалған азаматтар бұл туралы да акт жасағаны абзал. 

Қаржы министрлігінің өкілі қаржының емдік мақсатта немесе басына түскен қиындықтың салдарын жоюға кеткенін түбіртектер арқылы дәлелдеуге болатынын айтады. Сондықтан бұл ретте қоғамда мәселе туындамағаны дұрыс деп түсінік береді.  
Тағы бір тоқталар жайт, онлайн сабақтар мен түрлі курстар ұйымдастырып, қалтасын  мобильді қосымшалар  арқылы қампайтатындар жетерлік. Уыс-уыс ақша жинаса да олар салыққа бір тиын да төлеп отырған жоқ. Қаржыгер Бауыржан Ысқақов  заң аясында  блогерлерге бақылауды күшейту керектігін алға тартады. 

Мемлекеттік кірістер саласының маманы Владлен Балан қоғамның қызу талқысына түскен тақырыпқа орай жауап берді. Оның мәлімдеуінше, блогер өз қызметін жайдан-жай іске асырмайды. Нақты іс жүзінде олар кәсіпкерлік жұмыспен  айналысатыны анық. Сол себепті олар да өзге кәсіпкерлер сынды кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет. 
Бұдан түйгеніміз, блогерлер  кәсіпкер ретінде тіркеуге тұрмай  мобильді аударым арқылы төлем қабылдаса, қызметін заңды жолмен іске асыруға көшуі керек. Яғни, кәсіпкер болып  тіркеліп, тиісті салығын құю қажет. 

Енді  кәсіпкерлікпен тіркелмей айналысқаны үшін оларға алдымен ескерту жасалады. Соған қарамастан тіркелмеген күйі кәсіпкерлікпен тоқтаусыз  айналысса, салық төлеп, тіркеуге ынталандыратын шаралар қабылданбақ.   
Мобильді ақша аударымдарын мониторингілеу азаматтардың табысын декларациялауға дайындық.  Бұл әсіресе мемлекеттік қызметте жүргендерге тікелей байланысты. Бастама қолға алынғалы бері кәсіпкерлер QR кодпен салық органдарына есеп беретіндей аударымдарға көшіп жатыр. 

Айта кетуіміз керек, заңды тұлғалар мен кәсіпкерлердің  құрылтайшылары , басшылары, олардың жақындарының атындағы банк шоттары да бақылауға алынбақ. Бұл реформа 2024 жылдан бастап күшіне енеді.  
 

Байланысты жаналықтар

Алматы метросының басшылығы сауда нүктесін жалға алушыларға заңсыз салық төлеткен

22.11.2024

«Құдай аясын». Дина Төреәлі табыс туралы сөз қозғады

11.11.2024

Төлемдер мен аударымдар жұмыс істемей ме? Ұлттық банк жауап берді

08.11.2024

Екібастұзда 6 кәсіпкерден заңсыз салық алынған

23.10.2024

«Ажыраспадыңдар ма?»: Жанқош Тұраровтың әйелі көпшілікті алаңдатқан сауалға жауап берді

17.10.2024

«Аулақ жүріңдер»: Танымал жұлдыздар Талғардағы оқиға туралы пікір білдірді

17.10.2024
MalimBlocks
Алматы метросының басшылығы сауда нүктесін жалға алушыларға заңсыз салық төлеткен

Оларды қосымша келісімдер жасауға мәжбүр еткен

«Құдай аясын». Дина Төреәлі табыс туралы сөз қозғады

Блогердің сөзінше, әркім ниетіне қарай өмір сүреді.

Төлемдер мен аударымдар жұмыс істемей ме? Ұлттық банк жауап берді

Хабарлама авторлары қазақстандықтарға 11 қарашаға дейін салық төлеуді ұсынды

Екібастұзда 6 кәсіпкерден заңсыз салық алынған

Оларға 4,4 млн теңге төлем қайтарылды

«Ажыраспадыңдар ма?»: Жанқош Тұраровтың әйелі көпшілікті алаңдатқан сауалға жауап берді

Боксшының әйелі даулы оқиғадан кейін оқырмандарымен сырласты

«Аулақ жүріңдер»: Танымал жұлдыздар Талғардағы оқиға туралы пікір білдірді

Әнші Жанар Айжанова бірден ат-тонын ала қашты