«Тәуелсіздік жариялаймыз!».  Петропавлдағы сеператистерге қылмыстық іс қозғалды     

19 адам жиналып, «Халық кеңесі» құрылғанын жариялаған

Malim Админ

  • 31.03.2023

Солтүстік Қазақстан облысында өздерін «Халық кеңесі» деп жариялаған сепаратистерге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті  мәлімдеді.

Полиция департаменті «Бұл ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде тіркелді. Жедел тергеу шаралары жүріп жатыр», – деп ақпарат таратты.

Әлеуметтік желіде өздерін «Халық кеңесін» құрушылар деп жариялаған бір топ адамның видеосы тарады. 

«Біз, ерлер мен әйелдер, еңбекші, азат әрі еркін халық, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының еңбеккерлері, өзін-өзі басқаруымыз бен автократиямызды, тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді көрсете отырып, жалпыға ортақ, бөлінбейтін халық игілігін сақтаудың міндеттілігін, өз жеріміздегі азаматтық, мүліктік құқықтардың өзгермейтіндігін, Егемен Қазақ КСР-нің мызғымас, аумақтық тұтастығы туралы жария етеміз және халық кеңесін жандандырамыз, - дейді видеодағы адам. Жиналғандар Қазақстанды заңсыз жарияланған мемлекет деп санайды. 

Видео қоғамдық талқыға түсіп, азаматтардың ашуын тудырып жатыр.

Тараған ақпараттарға  қарағанда, 19 наурызда Солтүстік Қазақстанда әлдебір 19 адам жиналып, «Халық кеңесі» құрылғанын жария етіп, тіпті оның «жарғысын» жобасын, «декларациясын» қабылдап, төрағасы мен хатшылығын да сайлап тастаған.  Аталмыш жазбалар көптеген желі қолданушыларының наразылығын тудырып отыр. 

Мұндай оқиғалар солтүстік өңірлерде енді ғана көтеріліп отырған жоқ.  2016 жылы «Қазақстанның қалалары мен көше атауларын қазақшаға өзгертетін болса референдум өткіземіз»деп бастама көтерген Игорь Чуприна есімді азамат сотталған еді.  

Ал былтыр Көкшетау қаласындағы жергілікті казактар  «Көкшетау станицасының іргесін казактар қалады» деп христиан моласы жанында орнатылған крест ескерткіш жанында шеру өткізгенін білеміз. Мұндай жағдайлар елдік тұтастыққа сызат түсіретіні анық.

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

02.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

01.05.2025

СҚО-да ер адам отбасылық құпияны жариялағаны үшін сотталды

26.04.2025

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

СҚО-да квадроциклмен қап тасыған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Аймақта су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

СҚО-да ер адам отбасылық құпияны жариялағаны үшін сотталды

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр