Теректі сенімі  «Nur Otan» партиясында

Malim Админ

  • 08.01.2021

 «Nur Otan» партиясынан Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткерлер - Сержан Идиятов, Әділет Орынбасаров жəне Нұрсəуле Аткеева Федоровка ауылындағы «Теректi» шаруа қожалығының қызметкерлерiмен кездестi.

Жүздесуде «Nur Otan» партиясының Теректі аудандық сайлауалды бағдарламасы талқыланды.

Кездесуде Сержан Серiкұлы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуінде Мәжіліс сайлауының 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетінін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын. Үндеу жарияланғалы бері барлық саяси партиялар сайлау науқанына дайындықты бастап кетті. Біз де сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қызу кірістік. Ауданымыздағы 15 ауылдық округте болып, тұрғындармен экспромт-кездесулер, «Кандидат – қонақта» канвассинг іс-шарасын, «Есіктен есікке» акциясын өткізіп, «Nur Otan» партиясының Теректі ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырдық. Әр кездесуде жерлестеріміздің сын, ескертпе, өтініштерін жазып алдық.  Айтылған мәселелердің шешімін табу жолында жұмыстанамыз. Жалпы, «Nur Otan» партиясының Теректі ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 бағыты жасақталды. Олар: Теректіліктердің өмір сүру деңгейін арттыру үшін лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіпкерлерді қолдауға ықпал ету; жолдардың сапасының жақсарып, тұрғын үй, таза ауыз сумен қамту бойынша бастаған жұмыстарды жалғастыру; медициналық қызмет көрсету  және білім беру сапасын арттырып, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға күш салу; бұқаралық спортты дамытып, «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауды қамтамасыз ету; тарих пен мәдениетті дамыту; жастарды жұмыспен қамту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға үлес қосу, - деп партияның əр жобаны орасан зор жауапкершiлiкпен жүзеге асырып, елiмiздiң дамуына үлес қосып жүрген кəсiпкерлердi қолдайтынын жеткiздi. Сонымен қатар, тɵтенше жағдай кезiнде халықты қолдау мақсатында атқарған жұмыстарына да тоқталды.

Аудандық мәслихат депутаттығына үмiткерлер, жас та болса, бас болып жүрген «Теректi жаңалығы - Теректинская новь» газетiнiң директор-редакторы Əдiлет Əлiбекұлы мен Теректi аудандық жастармен жұмыс жɵнiндегi ресурстық орталықтың басшысы Нұрсəуле Нұрланқызы партияiшiлiк iрiктеу «Primaries» туралы айтып, партияның жастарға туғызған мүмкiндiгiн тiлге тиек еттi. Сонымен қатар алдағы 5 жылдың ішінде Теректі ауданында атқарылатын іс-шараларды баяндап, сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Қожалық қызметкерлері партия мүшелерін мұқият тыңдап, сұрақтарына толық жауап алып, сəттiлiк тiледi.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,

Теректі ауданы

 

«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Байланысты жаналықтар

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

21.12.2024

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бір жылға жетпей қызметінен алынды

21.12.2024

Бергей Рысқалиевтің Қазақстандағы бизнес-активтері

20.12.2024

Сирия лагеріндегі орыс әйелдерінің ертеңі не болмақ?

20.12.2024

ВВС-ге Сирияның жаңа көсемі сұхбат берді

20.12.2024

Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

20.12.2024
MalimBlocks
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

Ол бұған дейін министрлікті басқарып келген Нұрлан Байбазаровты алмастырды

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бір жылға жетпей қызметінен алынды

Ол президент Жарлығымен лауазымынан босатылды

Бергей Рысқалиевтің Қазақстандағы бизнес-активтері

Сирия лагеріндегі орыс әйелдерінің ертеңі не болмақ?

ВВС-ге Сирияның жаңа көсемі сұхбат берді

Сұхбат барысында азаматтық киім киген көтеріліс жетекшісі босаңсып, көзіне жас іркілді және өз ұйымының экстремистік кезеңнен өткенін, ондай шақтан толық бас тартқанын қайталаумен болды.

Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады