Тоқаев Малайзия премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Президенттің айтуынша, дипломатиялық қатынастар орнаған отыз жыл ішінде екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізі қалыптасты.

Malim Админ

  • 16.05.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагиммен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы шағын форматтағы кездесу барысында Малайзияны Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады.

Қазақстан мен Малайзияны ұзақ жылғы достық пен өзара ынтымақтастық арқауы байланыстырады. Бізде бұл бағытта жақсы дәстүр қалыптасқан. Сондықтан Сіздің сапарыңыз екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Біз көптеген маңызды салаларда өзара ықпалдастығымыз бен ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін қосымша күш жұмсауға дайынбыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, дипломатиялық қатынастар орнаған отыз жыл ішінде екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізі қалыптасты.

Қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты мемлекеттердің қарым-қатынасын одан әрі нығайтудың маңызы арта түсті. Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, бұл сапарға зор мән беріп отырғанын атап өтті.

Астанаға өзімен бірге үлкен құрамда келген Малайзия делегациясы соның айқын дәлелі болады. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейту жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Бұдан кейін келіссөздер кеңейтілген құрамда жалғасты.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Кремль Украинадағы соғысты тоқтату туралы талаптарды "ультиматум" деп атады

12.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

11.05.2025

Ердоған Путиннің ұсынысын қолдады

11.05.2025

Ресей СІМ: Алдымен Стамбулдағы келіссөздер, содан кейін ғана бітім туралы талқылаулар

11.05.2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025
MalimBlocks