Тоқаев «Самұрық-Қазына» басшысына бірқатар тапсырма берді

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, басты өндірістік көрсеткіштер жоспарға сәйкес атқарылып отыр.

Берік Дәулетов

  • 05.08.2024

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президентке қордың биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары және алдағы жұмыстарының жоспары таныстырылды.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, басты өндірістік көрсеткіштер жоспарға сәйкес атқарылып отыр. Қордың кірісі 7,9 триллион теңгені құрады. Бұл белгіленген жоспардан 7 пайызға артық.

Қор тікелей шетелдік инвестицияның катализаторына айналды. Сонымен қатар мұнай-газ химиясы, энергетика, көлік және логистика, машина жасау, цифрландыру салаларындағы жобаларға шетелдік серіктестерімен бірлесіп инвестиция құяды.

Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 53,5 триллион теңге болатын 130-дан астам жоба бар екені баяндалды. Мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, логистика салаларында және тау-кен өнеркәсібінде жүзеге асырылатын жобалар ел экономикасына мультипликативті әсер етеді деп күтілуде.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қордың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы қайырымдылық жобалары туралы мәлімет берілді. Жыл соңына дейін елімізде 40 оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр.

Кездесу соңында мемлекет басшысы инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қор жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырма берді.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

14.02.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

11.02.2025

Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі

08.02.2025

Президент Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады

31.01.2025

Қазақстан-Ресей форумы биыл Орал қаласында өтеді

30.01.2025

Сирияда уақытша президент тағайындалып, әскер таратылды

30.01.2025
MalimBlocks
Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

Ол енді Президенттің көмекшісі лауазымын атқарады

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлеет басшысы Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне табыс, ал Иран халқына өркендеу мен құт-береке тіледі

Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі

Президент Жапония премьер-министрінің арнаулы кеңесшісін қабылдады

Қазақстан-Ресей форумы биыл Орал қаласында өтеді

Сирияда уақытша президент тағайындалып, әскер таратылды